13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

ШЫМКЕНТТЕ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖАҢА ЖОБАЛАР ҰСЫНЫЛДЫ

8 сентября, 2022
in Uncategorized
0
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласы әкімі М. Әйтеновтің төрағалығымен кезекті инвестициялық штаб отырысы өтті.

Штабқа ZOOM платформасы арқылы қосылған кәсіпкерлер жаңа инвестициялық жобаларын таныстырып, олардың өңір және ел экономикасына тиімділігі жөнінде ұсыныстарын айтты. Олар:

  • «Агрополимер» ЖШС — полипропилен жібін шығармақ. Өндірісті 2023-2024 жылдары іске қосу жоспарда. Инвестиция көлемі 1,94 млрд теңгені құрайтын жоба нәтижесінде 41 адам жұмыспен қамтылады. «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағынан 2 га жер беруін сұрауда. Жоба мақұлданды.
  • Сутегі асқын тотығын өндіретін «HYDROGEN ENERGY» ЖШС – 4 млрд теңгені құрайтын инвестициялық жоба 2023-2024 жылдары жүзеге асуы нәтижесінде 30 адамды жұмыс орнымен қамтымақ. Жылына 8 мың тонна өнім өндіруге қауқарлы. «Оңтүстік» АЭА-дан 2,4 га жер телімін беру мақұлданды.
  • Монтаж көбігін өндіретін жобаның құрылысын биыл бастау жоспарланған. 250 млн. теңгелік инвестициялық жоба нәтижесінде 20 адам жұмыспен қамтылады. «Оңтүстік» АЭА-дан 0,3 га жер теліміне сұраныс білдірген «BERPER GROUP» өндіріс орны жылына 30 мың банкі шығару мүмкіндігіне ие.
  • Минералды тыңайтқыштар мен агрохимикаттар өндіретін жаңа жобаның құны – 450 млн теңге. «Ана Жер» ғылыми-өндірістік бірлестігі құрылыс жұмыстарын кезең кезеңімен 2022-2025 жылдарға жобалап отыр. Жылдық қуаттылығы – 300 мың литр. «Жұлдыз» индустриалды аймағынан 1 га жер берілді. Инфрақұрылыммен қамту жөніндегі өтініші қала басшысымен мақұлданды.

Экономиканың қуатын арттыратын әрі импортқа тәуелділігін азайтуға септігін тигізетін бірегей жобаларда бюрократиялық кедергілерге жол бермеудің маңыздылығына тоқталған М.Әтенов, әрбір жобаның іске асырылу барысы жіті бақылауда болатынын жеткізді.

Previous Post

200-ДЕН АСА ТҰРҒЫННЫҢ МӘСЕЛЕСІ ТЫҢДАЛДЫ

Next Post

ТҮРКІСТАН: ТҮЛКІБАСТА КӨПБАЛАЛЫ АНАЛАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі