13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Мәдениет

ОБЛЫСТЫҚ КІТАПХАНАДА АСАНБАЙ АСҚАРОВҚА АРНАЛҒАН КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ

14 сентября, 2022
in Мәдениет
0
ОБЛЫСТЫҚ КІТАПХАНАДА АСАНБАЙ АСҚАРОВҚА АРНАЛҒАН КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ
Share on FacebookShare on Twitter
Көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Асанбай Асқаровтың туғанына 100 жыл толуына орай «Фараб» облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Ғибратты ғұмыр» атты конференция өтті. «Ақиық азамат!» атты апталық аясында ұйымдастырылған шарада кітапхана меңгерушісі Пернекүл Нәлтаева модератор болып, кеш тізгіндеді. Шараға Облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы орынбасары Есалы Нұржанов, Қалалық ардагерлер ұйымы кеңесінің төрағасы Жарқынбек Құлбайынбетов, қала әкімінің идеология жөніндегі орынбасары Ерлан Күзембаев, белгілі журналист, Түркістан облыстық әжелер алқасының төрайымы Балтагүл Оспанова, Түркістан қаласының Құрметті азаматы Махсұт Атамбаев, ардагер журналист, мәдениет саласын басқарған Мәдібек Тлеубаев, Түркістан тұтынушылар одағының қызметкері Ырыс Ташметова, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, белгілі журналист Роза Нарымбетова, Түркістан облысы мәдениет басқармасының бас мамандары мен аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы мен мамандары, жас оқырмандар қатысты.
Кешті Түркістан қалалық ардагерлер ұйымы кеңесінің төрағасы Жарқынбек Құлбайынбетов, қала әкімінің идеология жөніндегі орынбасары Ерлан Күзембаев және Түркістан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының директоры Жанат Сәдібекқызы ашып беріп, кешке арқау болған тұлға жайлы естеліктерімен бөлісіп, шара мақсатына тоқталды. Кеш барысында Тарихи өлкетану әдебиеттер бөлімінің меңгерушісі Сазанова Динара Асанбай Асқаровтың өмірі мен шығармашылығына байланысты баяндама оқып, арнайы жасақталған көрме мен Шымкент қалалық мемлекеттік архивінен алынған құжаттарды түсіндіріп өтті. Ал кітапхана қызметкері Нұрғани Русланұлы қайраткердің темір тордағы монологын орындады. Кітапхана қызметкерлерінің Асанбай Асқаровтың туған жері Меркі қаласына барып, арнайы түсіріп келген бейнеролигі көрсетілді.
Қоғам қайраткерімен бірге қызметтес болған Есалы Нұржанов пен Махсұт Атамбаев естелік пен ғибратты әңгімелерін ортаға салды. Балтагүл Оспанова «А.Асқаров қоғам мен саясаттың дамуына, Оңтістік өңірінің өркендеуіне үлкен үлес қосқан дара тұлға. Өзімнің көзім көрмесе де жолдасым араласып, дәмдес болған» деп пікірін білдірді. Ал Роза Нарымбетова «Бұл кездесудің мәні өте зор. Біріншіден, ол өмірден өткен тұлғалар үшін емес, мына қоғамда өмір сүріп жатқан біздер үшін қажет. Олардың үлкен -үлкен қадамдары, шешімді істері, асқан асулары мен биік белестері, тіпті сүрінгендері, жалпы өмірі кейінгі ұрпаққа үлкен сабақ. Сол арқылы біз олардан үлгі аламыз. Екіншіден, А.Асқаровтың сол кездегі тотаритарлық жүйенің саясатынан қиянат көріп, өмірден өткен тұлғалардан айырмашылығы араға 4 жыл салып болса да ақталуы, сол басынан өткен қиын кезеңді шығармаға айналдырып рухани мұра ретінде қалдыруы. Сондықтан да мен бүгінгі жастарға осы дара тұлғадай өз елін сүюді тілер едім» деді. Осындай біртуар азаматты көзімен көріп, қоғамдық тамақтандыру саласында қызмет ете жүріп, қызмет еткен кездесулері туралы 84 жастағы еңбек ардагері Ырыс Ташметова керемет естеліктерімен бөлісті.
Жалпы 12-16 қыркүйек аралығында жоспарланған апталық барысында Асанбай Асқаровты кеңінен насихаттау мақсатында Түркістандағы мектеп оқушыларына лекция оқылып, кітапхана қорындағы ұлт жанашырының әдебиеттері мен баспасөз беттеріндегі мақалаларға шолу жасалып жатыр. Сонымен қатар күні ертең «Асқаров ізімен» айдарымен Шымкент қаласында қоғам қайраткерінің бастамасымен тұрғызылған мәдени ошақтарға (Дендросаябақ, Балалар темір жолы т.б.) «Алтын формулярға» үміткер оқырмандар кітапхана мамандарымен саяхаттайтын болады. Түркістан облысындағы кітапханалар да апталыққа үлес қосып жатыр.
Previous Post

Түркістан облысы кәсіпкерлікті жүргізуге ыңғайлы ең үздік өңір деп танылды

Next Post

ТҮРКІСТАН: БЕЛБЕУ КҮРЕСІНЕН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі