13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Спорт

ТҮРКІСТАН: БЕЛБЕУ КҮРЕСІНЕН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

14 сентября, 2022
in Спорт
0
ТҮРКІСТАН: БЕЛБЕУ КҮРЕСІНЕН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ
Share on FacebookShare on Twitter

Өзбекстанның Наманган қаласында белбеу күресінен Әлем чемпионаты өтті.

Жарыста Ә.Нұрмаханов атындағы олимпиада резервінің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің шәкірттері облыс намысын қорғады.
Өзбекстанның Наманган қаласында белбеу күресінен өткен Әлем чемпионатының жүлдегерлері Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбековтің қабылдауында болды.

Дүниежүзілік дода қыркүйек айының 8-11 күндері аралығында өтті. Тартысқа толы сайыста түркістандық Айдарбек Тоқтарбек кілемге шыққан қарсыластарын түгел жеңіп, әлем чемпионатының алтынын мойнына тақты. Тоқтарбекті көпшілік самбо күресіндегі жетістіктері арқылы таниды. Ол 2016 жылы жастар арасындағы әлем біріншілігінде қола медаль еншілеген. Одан кейін 2017, 2018 жылдары қатарынан екі рет «сары құрлық» біріншілігінде күміс жүлдегер атанған-ды. Сол 2018 жылы әлем біріншілігінде тағы да қола жүлде иемденген. Ол – самбодан және қазақ күресінен ҚР спорт шебері. Айдарбек Тоқтарбек 100 келі салмақ дәрежесінде жеңімпаз атанса, Ел қоржынына екінші алтынды шардаралық Қайсар Шамшидинов салды. Ал, жеңіл салмақта құрама қоржынына бір алтын жүлдені отырарлық Қалмұхан Тұрмағанбет салды. Ол 57 келі салмақ дәрежесінде қарсылас шыдатқан жоқ. Қыздар арасында Айнұр Ақжігітова 66 келіде, Гүлзира Құдасбек 58 келіде қола жүлдеге қол жеткізді.

Көк туымызды желбіреткен спортшыларды облыстық жауынгерлік өнер қауымдастығының Құрметті президенті, ҚР ҰҚК Түркістан облысы бойынша департаментінің бастығы, генерал-майор Әбілсейіт Дүйсебаев құттықтап, алдағы жарыстарға сәттілік тіледі. Шаһар басшысы Нұрбол Әбдісаттарұлы балуандар мен бапкерлері Жақыпбек Қасымбеков пен Әбсадық Халиллаевқа Алғыс хат ұсынып, сый-сияпат табыстады.

«Жүрегі елім деп соққан рухты спортшылармен мақтанамыз. Ерік-жігерді бойға жинап сыннан сүрінбей өткендеріңе алғыс білдіремін. Спорт әлемінде тау тұлға деп атайтындай есімдеріңді таныта беріңдер», — деді Әбілсейіт Оразақынұлы.

Айта кетейік, спортшылар «Түркістан облыстық Ә.Нұрмаханов атындағы олимпиада резервінің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің сайыпқырандары. Чемпиондар мектебі атанған спорт мекемесі үздіктерінің жолын жалғаған ізбасарлар.

Previous Post

ОБЛЫСТЫҚ КІТАПХАНАДА АСАНБАЙ АСҚАРОВҚА АРНАЛҒАН КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ

Next Post

ТҮРКІСТАН: «AMANAT» ФРАКЦИЯДА ЕЛДІМЕКЕНДЕРДІҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ ҚАРАЛДЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі