13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Мәдениет

ТҮРКІСТАН: ҒҰЛАМА ҒАЛЫМ БЕКАСЫЛ БИБОЛАТҰЛЫНЫҢ 200 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ V ФОРУМ ӨТТІ

17 сентября, 2022
in Мәдениет
0
ТҮРКІСТАН: ҒҰЛАМА ҒАЛЫМ БЕКАСЫЛ БИБОЛАТҰЛЫНЫҢ 200 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ V ФОРУМ ӨТТІ
11
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінің мәліметіне сүйенсек, форум қатысушылары шара басталмас бұрын Төлеби ауданындағы Бекасыл баба кесенесіне барып, құран бағыштады. Музейімен танысты. Кеңесарық ауылындағы ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.

Қасқасуда қазақ-қырғыз зиялылары бас қосқан Бекасыл Биболатұлының 200 жылдық мерейтойына ҚР Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев арнайы келіп, Президенттің құттықтау сөзін оқыды.

«Қасиетті Түркістан топырағында дүниеге келіп, ұлт руханиятының дамуына зор үлес қосқан ғұламаның «Зикзал» атты еңбегі халқымыз үшін асыл мұра. Қазақ руханиятындағы алып тұлғалардың бірі Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы ғұлама Бекасыл Биболатұлын аса құрметпен ұстаз деп мойындап, оның «Зикзал» атты еңбегін баға жетпес құнды ғылыми туынды деп бағалаған» делінген Президент құттықтауында.

Сондай-ақ атаулы шараға белгілі мемлекет қайраткері, ҚР Мәжіліс депутаты Сауытбек Абдрахманов, мемлекет және қоғам қайраткері Амалбек Тшанов, Қырғыз елінен келген делегацияны бастап келген халық ақыны Кожогелді Күлтегін мен Жоғарғы кеңесінің экс спикері Зайнидин Құрманов, Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов қатысса, форум модераторы Қазақстан Жазушылар Одағы Төрағасының бірінші орынбасары Ақберен Елгезек модератор болды. Спикерлер баба рухына арнап сөз сөйлеп, шара туралы ойларымен бөлісті.

Бекасыл Биболатұлының «Зикзал» атты тағылымы мол шығармасы жайында Зәріпбай Оразбай, Бекасыл Биболатұлының аңыз-әңгімелері жайында Сауытбек Абдрахманов, Алтынбек Құрманов форум қатысушыларына баяндама оқыды. Автордың «Зикзал» атты еңбегінің бүгінгі күнге жету тарихы туралы Анарбек Орман баяндады.

Previous Post

Шымкент: Один из основополагающих принципов нового генплана - полицентричность

Next Post

Қайта келмес балалық шақ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі