13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: КЕЛЕС АУДАНЫНДА 2 МЕКТЕП ПЕН МӘДЕНИЕТ САРАЙЫ САЛЫНАДЫ

20 сентября, 2022
in Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН: КЕЛЕС АУДАНЫНДА 2 МЕКТЕП ПЕН МӘДЕНИЕТ САРАЙЫ САЛЫНАДЫ
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгін ҚР Президентінің «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығын іске асыру мақсатында Келес ауданының әкімі Ақментай Есбаев Біртілек ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті. Кездесу еркін форматта, ашық аспан астында ұйымдастырылды. Басқосуда Ақментай Үсенұлы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылдың 1-қыркүйегіндегі «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты кезекті Жолдауында айтылған реформалардың нақты 5 бағдарын айшықтап берді. Басты стратегиялық құжатты іске асыруға барлық мемлекеттік органдар жұмылатынын мәлімдеп, мемлекет саясатын іске асыру жолында бір кісідей атсалысу керектігін атап өтті.

«Біз жергілікті әкімдіктердің жанынан құралған қоғамдастық кеңестің мүшелелері ұсынған жұмыстарды іске асыруға күш жұмылдырып жатырмыз. Атап айтқанда, сұранысқа сай мектеп, дәрігерлік амбулатория, жол құрылысы сынды жұмыстар осы өздеріңіздің араларыңыздан таңдалған ауыл билері, төбе билерінің ортақ шешіміне сәйкес кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда. Биылғы жұмыстар тікелей осы азаматтардың ұсынысы негізінде іске асты. Алдағы уақытта бұл бағыттағы жұмыс жалғасады», — деді А.Есбаев.

Аудан басшысының сөзінше, Біртілек ауылдық округінде 300 орындық екі мектеп және мәдениет сарайы салынбақ. Оның бірі мемлекет қаражаты есебінен жүзеге асады. Ал екіншісін жеке кәсіпкер өз қаражаты есебінен жүргізбек. Сонымен қатар, ауылдық округтің орталығынан 200 орындық мәдениет сарайының құрылысы жоспарға енгізіліп, тиісті қаражаты бөлінген.

Айта кетейік, тұрғындар сұранысы негізінде биыл Біртілек ауылдық округінде ұзындығы 9,6 шақырымдық 5 көшеге асфальт жабындысы төселді. Ал ұзындығы 6 шақырымдық 3 көшеге шағал тас төселуде. Одан бөлек, Амангелді елдімекенінде ұзындығы 1,3 шақырымдық жол жиегіне аяқжол салынады. Ал Керегетас елдімекенінде жоспарға сәйкес ұзындығы 1,1 шақырымға аяқжол төселіп, түнгі жарық шамдар орнатылады. Бұл жұмыстар жыл соңына дейін толық аяқталады.

 

Previous Post

Түркістандық полицейлер «Парасатты полицей» байқауында бақ сынады

Next Post

ШЫМКЕНТТЕ ЗАҢГЕРЛЕР ХАЛЫҚҚА ТЕГІН КЕҢЕС БЕРДІ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі