13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕ ЗАҢГЕРЛЕР ХАЛЫҚҚА ТЕГІН КЕҢЕС БЕРДІ

20 сентября, 2022
in Жаңалықтар
0
ШЫМКЕНТТЕ ЗАҢГЕРЛЕР ХАЛЫҚҚА ТЕГІН КЕҢЕС БЕРДІ
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкентте М.Әуезов атындағы ОҚУ-де «Халық заңгері» жалпыреспубликалық акциясы өтті.
Акцияның мақсаты — халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және тегін заң көмегін көрсету.
Акцияға белгілі адвокаттар, нотариустар, прокурорлар, тергеушілер, сот орындаушылары, мемлекеттік органдардың басшылары және т.б. сала өкілдері қолдау білдірді.
Сондай-ақ халықты қабылдау процесін ұйымдастыруға волонтерлар белсенді қатысып, олар тұрғындарды сұрақтарына байланысты қажетті мамандарға бағыттап отырды.
Айта кетейік, акцияны ұйымдастырушылар ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, zakon.kz желілік басылымы, «Параграф» ақпараттық жүйесі, мемлекеттік билік органдары және Қазақстанның үздік заңгерлері мен адвокаттары.
Бүгінде «Халық заңгері» акциясын өткізу дәстүрге айналды және қарапайым қазақстандықтар өз алғыстарын білдіруде. 2016-2019 жылдар аралығында акцияға 7000-нан астам үздік сарапшылар мен мемлекеттік органдардың шешім қабылдай алатын құзіретке ие өкілдері қатысты. Құқықтық көмекке жүгінген 100 000-нан астам азамат кеңес алды.
Карантиндік шектеулер енгізілген кезеңде «Халық заңгерін» өткізу тоқтатылды. 2022 жылы санитарлық-эпидемиологиялық жағдайдың қалыпқа келуіне байланысты осы әлеуметтік маңызы бар іс-шараны қайта бастау туралы шешім қабылданды.
Акция форматының Қазақстанда ғана емес, сондай-ақ ауқымы мен географиясы бойынша әлемде теңдесі жоқ.

Previous Post

ТҮРКІСТАН: КЕЛЕС АУДАНЫНДА 2 МЕКТЕП ПЕН МӘДЕНИЕТ САРАЙЫ САЛЫНАДЫ

Next Post

Түркістан облысында «Халық заңгері» жалпыреспубликалық акциясы өтті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі