13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Спорт

ПАУЭРЛИФТИНГТЕН АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНДА ТҮРКІСТАНДЫҚ САҢЛАҚТАР ЖЕҢІС ТҰҒЫРЫНАН КӨРІНДІ

12 сентября, 2022
in Спорт
0
ПАУЭРЛИФТИНГТЕН АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНДА ТҮРКІСТАНДЫҚ САҢЛАҚТАР ЖЕҢІС ТҰҒЫРЫНАН КӨРІНДІ
Share on FacebookShare on Twitter

Қазіргі таңда Моңғолияның Ұлан-Батор қаласында барлық жас ерекшеліктері бойынша зіл темір көтеруден кезекті Азия чемпионаты өтуде. Тәуелсіз Қазақстанның намысын жоғары деңгейде қорғап жатқан Түркістан облысының №2-ші облыстық олимпиадалық спорт мектебінің талантты спортшылары ғаламат жетістіктерге жетуде.

Мақсаттары айқын түркістандық спортшылар — 53 келідегі дарынды Алишер Заитов пен 52 келіде өнер көрсеткен Алена Гладкова жеңістің шыңын бағындырып, алтын медаль иеленді. Сонымен қатар жерлестеріміздің арасында Сарвиноз Насиридионнова да жеңімпаз атанды. Ұлттық құрама қоржынына бұдан басқа алтын медаль салған Алена Гладкова да бар.

Қуанышты жаңалық, Түркістан облысының талантты спортшы қызы Барно Джумабаева керемет ойын көрсетіп, Азия чемпионатының жеңімпазы атанды. Әлем мен Азия чемпионатының рекордын жаңартты. Жерлесіміз бұл жарыс жолында қарсыластарын басып озып, 500 грамм салмақ арттырды.

Сары құрлық елдерінің ең талантты деген спортшылары қатысқан бұл Азия чемпионтында 84 келі салмақта өнер көрсетіп жатқан Ирада Абдырова мен +84 келідегі жерлесіміз Сарвиноз Насириддинова да тамаша жеңістің үлгісін көрсетті. Бұл жеңімпаздар — білікті басшы әрі жастардың жанашыры Нұрлан Айтмурзаев жетекшілік ететін облыстық №2-ші облыстық олимпиадалық спорт мектебінің шәкірттері.

Жекпе-жек спорт түрлерінен де жерлестеріміз сенімді ақтады. Акбар Елубайұлы джиу-джитсудың екі түрінен Азия чемпионы атанды

Өзбекстан мемлекетінің Бұқара қаласында 8-11 қыркүйек айында джиу-джитсудан Азия чемпионаты өтті. Айтулы додаға қатысқан созақтық Акбар Елубайұлы қарсыластарынан басым түсіп, тұғыр биігінен көрінді.

Айта кетуіміз керек Акбар Елубайұлы қазан айында «Naiza fighting championship» кәсіпқой промушінінде өнер көрсетеді.

Previous Post

ТҮРКІСТАНДА 200-ДЕН АСТАМ ЖАСЫЛ ЖЕЛЕК АЙМАҒЫ БАР

Next Post

ШЫМКЕНТ: ЖАҢАТАЛАПҚА САПАЛЫ ЭЛЕКТР ҚУАТЫ ТАРТЫЛУДА

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі