13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Қоғам

ТҮРКІСТАНДА 200-ДЕН АСТАМ ЖАСЫЛ ЖЕЛЕК АЙМАҒЫ БАР

12 сентября, 2022
in Қоғам
0
ТҮРКІСТАНДА 200-ДЕН АСТАМ ЖАСЫЛ ЖЕЛЕК АЙМАҒЫ БАР
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан қаласын көркейтіп, көгалдандыру мәселесі күн тәртібінен түскен емес. Осы мәселеле  Түркістан қаласындағы саябақтар мен гүлзарларды күтіп ұстау және ішкі ирригациялық жүйелердің жай-күйі – басты назарда. Биыл қаланың 12,2 гектар аумағына биыл 15 мыңнан аса ағаш егіліп, 9000 шаршы метр аумаққа көгал төселді. 200 мың түп гүл отырғызылды. 380 гектар аумақта күтіп-баптау жұмыстары жүргізілуде. Облыс орталығында 400 гектар жерге орналасқан 248 саябақтар мен гүлзар, желілік бақ пен жасыл желекті демалыс аймақтары бар. Демалыс аумақтары жарықтандырылып, көпжылдық және гүлді ағаштар егілген.

Әр саябақ заманауи, креативті әрі қайталасбас үлгіде салынған. Саттарханов көшесінің бойындағы «Желілік саябақтың» жер көлемі 20 гектардан асады. Мыңнан астам шаммен жарықтандырылған саябақ субұрқақ, орындықтар, 2 мыңнан астам кіші архитектуралық форма қойылған.

Одан бөлек, Әкімшілік іскерлік орталық аумағына «Гүлдер» саябағы мен Сейхун көшесінің аралығына гидрантты жүйемен қамту жобасы әзірленуде. Шаһардағы жалпы ирригациялық арықша көлемі — 22,5 шақырымға созылған. Қазіргі таңда аталған арықтардан секундына 100 литрге дейін су алынуда. Арыс-Түркістан каналынан бастау алатын ирригациялық арықтар қаланың орталығы мен бірнеше секторларды ағын сумен қамтиды.

Шаһардағы көгалды аумақтар гидрантты жүйемен және ирригациялық арықшалар арқылы суарылады. Гидрантты жүйемен суарылатын аумақтарда 6 кезеңдік құрылыс жұмысы жүзеге асырылған. Оның бүгінде төрт нысаны іске қосылып, екі жобаның құрылыс жұмысы әлі жалғасуда.

Түркістан қаласында ағын су тапшылығын шешу үшін  250 млн. текше метр ағын су жеткізудің жолы табылғаны белгілі. «Түркістан магистральды каналы» күрделі жөндеуден өткізіліп, аумағындағы 8 шақырым канал бойы абаттандырылады. Бұрын ағын су 43%-ға фильтрациялық шығынға ұшыраса, бүгінгі күні 52 шақырым каналды бетондау жұмыстары жүргізілді. Былтыр жаңадан салынған «Кеңсай – Қосқорған – 2» су қоймасы пайдалануға берілді. Жоба аясында 34 млн. текше метр ағын су жеткізіледі. «Арыс – Түркістан» магистральды арнасын толықтыру үшін Сырдария өзенінен машиналық арна салу» арқылы 52,8 млн. текше метр ағын су жеткізіледі. Жаңадан «Сарқырама» су қоймасын салу арқылы 65 млн. текше метр ағын су келеді. Кентау қаласында «Қосқорған» су қоймасын толықтыра отырып, су төмендету жүйесін салу жобасы арқылы 40 млн. текше метр ағын су жеткізіледі.

Previous Post

ТҮРКІСТАН: «БИЗНЕСТІ ЖҮРГIЗУ ЖЕҢIЛДIГI» РЕЙТИНГІНДЕ КӨШ БАСЫНДА

Next Post

ПАУЭРЛИФТИНГТЕН АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНДА ТҮРКІСТАНДЫҚ САҢЛАҚТАР ЖЕҢІС ТҰҒЫРЫНАН КӨРІНДІ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі