13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Қоғам

АСТЫҚ ОРУ НАУҚАНЫ БАСТАЛДЫ

16 июня, 2020
in Қоғам
0
АСТЫҚ ОРУ НАУҚАНЫ БАСТАЛДЫ
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысы Келес ауданындағы «Ошақты» өндірістік кооперативі биылғы жылы 150 гектарға бидай өнімін егіп, маусымның ортасында астық оруды бастап кетті. Өндірілген өнімді Бірлік ауылындағы қоймаға жайғастыруда. Көктемде жауын-шашын көп болмағанына қарамастан бидай көп жерде бітік шыққан. Кооператив иесі Маханбет Қожағұлов бұны Келес даласының топырағы құнарлы екеніне балап отыр. Шаруашылықта жер жырту, тұқым себу және жерді өңдеу секілді жұмыстар дер уақтылы істелген. Соның арқасында қазір қырманға мол астық тасылып жатыр. Агротехникалық талаптарды тиянақты атқарған ірі шаруашылықтардың алды қазір егістіктің әр гектарынан 30-35 центнерге дейін өнім жинап жатыр.

Ошақты өндірістік кооперативі 1997 жылы құрылған. Құраманыда егін шаруашылығынан басқа бала-бақша, мал бордақылау пункіттері кіретін ірі кәсіпорында жергілікті 89 азамат тұрақты жұмыс істейді.

2020 жылы Келес аудан бойынша ауыл шаруашылығы дақылдарын 24200 гектарға жеткізу немесе 2019 жылғы егіспен салыстырғанда 684 гектар артық орналастыру жоспарланған. Оның ішінде: Астық; 2020 жылы 7920 га, 2019 жылмен салыстырғанда (854 га) артық егілу жоспарланса, бидай – 727 га, дәндік жүгері – 6430 га, бұршақты дақылдар – 763 га аумаққа егілген.

(с) Келес ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Previous Post

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: ШАРДАРА АУДАНЫНАН АЛҒАШҚЫ 500 ТОННА ПИЯЗ НАРЫҚҚА ШЫҚТЫ

Next Post

ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАРДЫҢ ЖҰМЫСЫН ЖАНДАНДЫРУ ЗАМАН ТАЛАБЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі