13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Білім

ТҮРКІСТАН: КЕЛЕС АУДАНЫНДА ЕКІ МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

1 сентября, 2022
in Білім
0
ТҮРКІСТАН: КЕЛЕС АУДАНЫНДА ЕКІ МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысының Келес ауданында бір күнде 2 мектеп пайдалануға берілді. Біреуі — Ақтөбе ауылдық округінің Ынтымақ ауылында, екіншісі – Қошқарата ауылдық округінің Жамбыл елді мекенінде. Екеуі де 300 орынға лайықталған, замануи үлгіде салынған.

Жаңа оқу жылын жаңа білім ошағында бастаған Ынтмақтық оқушылардың қуанышында шек жоқ. Мұнда спорт зал, асхана және қажетті құралдармен жабдықталған пәндік кабинеттер бар. Жаңа типтік мектептің жалпы алаңы 3025 шаршы метрді құрайды. Мектеп ғимараты 3 қабатан тұрады.

Бүгін аталған білім ошағының ашылу салтанаты өтіп, Келес ауданының әкімі Ақментай Есбаев арнайы қатысты. Салтанатты шара барысында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы енгізіліп, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалады. Аудан әкімі құттықтау сөз сөйлеп, ата-аналар тарапынан Түгелбаев Қаңқабай сөз сөйледі.

«Қымбатты оқушылар, ата- аналар, Сіздерді бүгінгі жарқын да қуанышты, мереке – Білім күнімен құттықтаймын! Биыл Келес ауданы көлемінде 2 мектептің құрылысы бітіп, пайдалануға берілуде. Алдағы уақытта 9 мектептің ғимаратын салу жоспарланып отыр. Бүгін біздің ауданда 63 мектепте өздеріңіздей оқушылар осындай «Алғашқы қоңырау» мерекесіне қатысып жатыр. Ұстаздар қауымын Білім күнімен шын жүректен құттықтаймын. Жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие берудегі қиындығы мол еңбекте тың табыстарға қол жеткізулеріңізге тілектеспін», деді өз құттықтауында Ақментай Үсенұлы.

Қошқарата ауылдық округінің Жамбыл елді мекеніндегі оқушылар жаңа оқу жылын жаңа мектепте қарсы алды. 2019 жылы құрылысы басталған білім ғимаратының құрылысы аяқталып, ел игілігіне табысталды. Салтанатты шараға қатысқан Келес ауданы әкімінің орынбасары Алмас Сексенбаев оқушылар мен ұстаздарды мерекемен құттықтап, жаңа ғимараттың лентасын қиды.

Previous Post

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 52 МЫҢНАН АСТАМ БАЛА 1-СЫНЫПҚА БАРДЫ

Next Post

Түркістан облысы мектептеріне 232 млн теңгеге айыппұл салынды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі