13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Білім

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 52 МЫҢНАН АСТАМ БАЛА 1-СЫНЫПҚА БАРДЫ

1 сентября, 2022
in Білім
0
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 52 МЫҢНАН АСТАМ БАЛА 1-СЫНЫПҚА БАРДЫ
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысында 511 158 оқушы бар. Жаңа оқу жылында бірінші сыныпқа 52272 оқушы барды. Биыл 10 жаңа жекеменшік мектеп ашылып, білім ұяларының жалпы саны 961-ге жетті. Оның ішінде 56-сы жекеменшік. Түркістан қаласындағы алғашқы қоңырау салтанатты жиынына облыс әлеуетті дамыту басқармасының басшысы Дінислам Болатханұлы мен Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбеков қатысып, балаларға сәттілік тіледі.

Облыстағы барлық білім беру ұйымдары «Bilim Land» білім беру платформасына қосылған. Сонымен қатар мектеп кітапханаларының базасын есепке алу, мектептер арасындағы кітап алмасу, электронды түрде сұраныс беру жүйесі бойынша «Е-Кітапхана» платформасы енгізілді. 2022-2023 оқу жылына оқулықтар сатып алуға 5 048, 738 млн теңге қаржы бөлінді. Және оқушылар санының өсуін ескере отырып жетіспейтін және ескі оқулықтар жаңартылды.

Облыс бойынша 2025 жылға дейін кезең-кезеңімен 199 мектептің құрылысын салу жоспарланған. Биыл 59 мектептің құрылыс жұмыстарын жүргізуге 20,7 млрд. теңге қаржы қаралды.

Жоспарға сәйкес биыл 34 мектептің құрылысын аяқтап, пайдалануға беріледі. Оның ішінде, 4 апатты және 2 үш ауысымды мектептің құрылысы жүргізілуде. Жыл соңына дейін жоспар толығымен орындалады.

Сондай-ақ 32 мектепті күрделі жөндеуден өткізу үшін 4 012,7 млн.теңге (оның ішінде: ОБ – 1125,8,2 млн.теңге, «Ауыл Ел-бесігі» — 2 886,9 млн.теңге) қаралды.

Айта кетейік, Түркістан облысында жалпы орта білім беретін 910 (10 жеке меншік) ұйым жұмыс істейді. Оның ішінде 97 бастауыш, 57 негізгі, 756 орта мектеп. 78 қалада, 832-ауылдық елді мекендерде орналасқан.

1) Бастауыш мектеп – Бастауыш білім берудің білім беретін оқу бағдарламаларын, сондай-ақ білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қосымша білім берудің оқу бағдарламаларын іске асыратын оқу орны;
2) негізгі орта мектеп – бастауыш және негізгі орта білім берудің білім беретін оқу бағдарламаларын, сондай-ақ білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қосымша білім берудің оқу бағдарламаларын іске асыратын оқу орны;
3) жалпы білім беретін мектеп – Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, сондай-ақ білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қосымша білім берудің оқу бағдарламаларын іске асыратын оқу орны.

Previous Post

№65 мектеп-гимназиясында алғашқы қоңырау соғылды

Next Post

ТҮРКІСТАН: КЕЛЕС АУДАНЫНДА ЕКІ МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі