13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Экология

ШЫМКЕНТТЕ «ЖАСЫЛ ЕЛ» ЕҢБЕК ЖАСАҒЫНЫҢ МАУСЫМЫ АЯҚТАЛДЫ

24 сентября, 2022
in Экология
0
ШЫМКЕНТТЕ «ЖАСЫЛ ЕЛ» ЕҢБЕК ЖАСАҒЫНЫҢ МАУСЫМЫ АЯҚТАЛДЫ
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қалалық жастар ресурстық орталығында «Жасыл ел» еңбек жасақтары маусымының жабылу салтанаты өтті. Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының басшысы Мұратжан Шотанов биылғы маусымды қорытындылап, жобаның маңызына тоқталып өтті.

– «Жасыл ел» еңбек жасақтары – ел аумағында жастарды кең ауқымда қамтыған жобаның бірі. Осы жастар қаланың көгалдандыру жұмыстарына белсене араласып, алаңдарда, саябақтарда абаттандыру жұмыстарын жүргізді. Еңбектеріңізге алғысымды білдіремін. Жоба одан әрі жалғасын табады, – деді басқарма басшысы.

Жалпы,»Жасыл ел» еңбек жасағы 2005 жылдан беастап жүзеге асырылып келе жатқан кешенді бағдарлама. Аталмыш бағдарлама көптеген жастың Отанға деген сүйіспеншілігін оятып, елімізді жасыл желекке айналдыру мақсатында олардың жалын-жігерін, күш-қуатын бір арнаға тоғыстыра алды. Сондай-ақ, жастарға жазғы демалыстарын босқа өткізбей, жұмыс істеп, қосымша қаржы табуға молынан мүмкіндік тудырды. Осы орайда Шымкентте де еңбек жасақтарында еңбек етіп жүрген жастар саны жылдан жылға артып келеді. Бұл қаладағы жұмыссыз жастардың санын азаюына да ықпал етіп отыр. Атап айтқанда қалада еңбек жасақтарының биылғы маусымында 1313 жас жұмыспен қамтылды

Салтанатты жиында М.Шотанов жобаға белсене қатысып, қаланың көркеюіне үлес қосқан жастарды Алғыс хаттармен марапаттады.

Жастар қозғалысы алдағы уақытта өз жалғасын таба бермек. Өйткені, «Жасыл елдегі» жастар қатары тек қана аймағымыздың көгалдануына ғана емес, оған қоса біздің ортақ шаңырағымыз — Қазақстанның өркендеуіне жаңа буынды тәрбиелеуде маңызы зор.

Айта кетейік, биыл «Жасыл ел» бағдарламасының жүзеге асып жатқанына 27 жыл толып отыр. Осы жылдар аралығында бұл бағдарлама жастарға жігер берген өміршең бағдарламаға айналды.

Еліміздің әр аймағынан республикалық штабтың бөлімшелері ашылып, олар күні бүгінге дейін жұмысын жалғастырып келеді. «Жасыл ел» еңбек жасақтары қала­дағы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімімен бірлесіп сенбіліктер өткізеді.  Құрылыс нысандарында еңбек етеді. Мүмкіндігі шектеулі жандарға қол ұшын береді. Ұйымдастырушылар  бұл жоба  жас ұрпақты еңбекті бағалауға үйретеді дейді. Жұмыс уақыты аптасына 2 рет, сағат 9:00 — 14:00 уақыт аралығын қамтиды. Жалпы айына 8 рет жұмысқа шығады. Айлық көрсеткіші 60 мың теңгені құрайды.

Previous Post

ШЫМКЕНТТЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ

Next Post

«Текемет-fest» этнофестивалі өз мәресіне жетті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі