13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Cаясат

ТҮРКІСТАН: РУХАНИ-МӘДЕНИ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ ЖҮЙЕСІ ҚАРҚЫНДЫ ДАМУДА

16 июня, 2020
in Cаясат
0
ТҮРКІСТАН: РУХАНИ-МӘДЕНИ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ ЖҮЙЕСІ ҚАРҚЫНДЫ ДАМУДА
Share on FacebookShare on Twitter
Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің төрағалығымен өткен лездемелік мәжілісте Түркістан қаласын дамыту бағытында атқарылған жұмыстар талқыланды. Қала әкімі Рашид Аюпов «Әзірет сұлтан» қорық мұражайының аумағын абаттандыру жұмыстары мен  рухани-мәдени орталығының алаң ішіндегі инженерлік-инфрақұрылымның жүргізілуі барысын баяндады. Рухани-мәдени орталығының алаң ішіндегі инженерлік инфрақұрылымы  қарқынды дамуда.  Шаһар басшысының мәлімдеуінше, «Әзірет сұлтан» қорық мұражайында да су және кәріз жүйесі толық аяқталған. Су бұрқақтың бетон құю жұмыстары 85%-ға орындалған. Құрылыс алаңында 140 жұмысшы және 13 техника жұмылдырылған.

Аймақ басшысына сондай-ақ, Түркістан қаласындағы Тұңғыш Президент саябағының құрылыс барысы таныстырылды. Саябақ аумағында қазір 1 867 түп ағаш отырғызылған. Аппарат мәжілісінде орташа жол жөндеу жұмыстары және аялдамалар бойынша атқарылған жұмыстар баяндалды. Өмірзақ Естайұлы қала әкіміне шаһарды таңертең және кешке екі рет аралап,құрылыс және абаттандыру жұмыстарын бақылауда ұстауын тапсырды. 32 сектордың жұмысын да тексеріп отыру қажет, деді аймақ басшысы.
Жиында, сонымен қатар Мақтаарал мен Төлеби аудандарындағы төтенше жағдайдың салдарын жою жұмыстары талқыланды. Өмірзақ Естайұлы құзырлы басқарма басшыларына халыққа берілетін көмек пен тұрғын үй құрылысының сапасын қадағалауды тапсырды.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Previous Post

ШОМЫЛУ МАУСЫМЫНДА САҚ БОЛҒАН АБЗАЛ !

Next Post

АУДАНЫМЫЗДА "ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫҢ 2020-2021 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН ЖОЛ КАРТАСЫ" БАҒДАРЛАМАСЫМЕН 80 АДАМ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛҒАН

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі