13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕГІ 78 ЕЛДІМЕКЕН САПАЛЫ АУЫЗ СУМЕН ҚАМТЫЛҒАН

25 июля, 2022
in Жаңалықтар
0
ШЫМКЕНТТЕГІ 78 ЕЛДІМЕКЕН САПАЛЫ АУЫЗ СУМЕН ҚАМТЫЛҒАН
5
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласындағы 81 елдімекеннің 78-і сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілген. Ал қалған 3 елді мекен ауыз суды кестемен тұтынуда. Бұл туралы бүгін Энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының басшысы Б.Булатбеков мәлімдеді.

— Көрсеткішті арттыру мақсатында биыл барлығы 7 нысанда құрылыс жұмысы қарқынды жүріп жатыр. Олар: Құрсай 1,2 – кезек, Асар-2 екінші кезек, Текесу е/м, Қайнарбұлақ е/м, Еңбекші ауданының жаңақұрылыс аумақтары және Нұртас су жинақтағыш имараты,-деді ол.

Асар 2-ні сумен қамту  келер жылға өтпелі. Алдағы жылдың жоспары бойынша 3 магистралды суаққы салынып, қолданысқа беріледі. Сонымен қоса, Еңбекші ауданына қарасты Текесу елдімекенін сапалы ауыз сумен қамту жұмыстары биыл басталған. Ұзындығы 13,8 шақырымдық су құбырының бүгінде 12 шақырымы орнатылды. Қазір құрылыс жұмыстарының 80 пайыздан астамы аяқталды. Жыл соңына дейін толығымен пайдалануға беріліп, 200 тұрғын үй сапалы ауыз сумен қамтылмақ. Жыл қорытындысымен Құрсай, Асар-2, Текесу елдімекендері мен Нұртас су жинақтағыш ғимаратының құрылысы аяқталады. Нәтижесінде қала тұрғындарының сапалы ауыз сумен қамтылу көрсеткіші 99 пайызға жетеді. Айта кетейік, 2021 жылдың қорытындысы бойынша, барлығы 10 елдімекенде құрылыс жұмыстары аяқталған. Нәтижесінде Тұран, Асар-2, Солтүстік саяжай, Ынтымақ-2, Батыс, Жаңатұрлан және Ақтас-2, Жаңаталап, Сәуле (276 орам) және Нұртас елді мекенінде ауыз су мәселесі түбегейлі шешілді. Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде қамтылу көрсеткіші 95,6%-дан, 98%-ға өскен. Сонымен қатар, 3 магистралды суаққының құрылысы аяқталып пайдалануға берілді. Ал, қалған Құрсай, Сайрам, Қайнарбұлақ тұрғын алабына ауыз су кестемен беріледі. 2022 жылы 4 нысанның құрылыс жұмыстары жүргізіледі. Нәтижесінде қамтылу көрсеткіші 98%-дан, 99%-ға өседі деп күтілуде.

Previous Post

Түркістан облысында эпиджағдай тұрақты

Next Post

Түркістан: Келесте құны 12 млн. долларды құрайтын күн электр станциясы салынады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі