13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Қылмыс

Бахадыр НАРЫМБЕТОВ, Шымкент қаласы маслихатының хатшысы: «ЖОЛДАУ АШЫҚ ӘРІ ӘДІЛЕТТІ ҚОҒАМ ҚҰРУ ЖОЛЫНДАҒЫ МАҢЫЗДЫ ҚАДАМДАРДЫ АЙҚЫНДАУЫМЕН ҚҰНДЫ»

2 сентября, 2022
in Қылмыс
0
Бахадыр НАРЫМБЕТОВ, Шымкент қаласы маслихатының хатшысы:  «ЖОЛДАУ АШЫҚ ӘРІ ӘДІЛЕТТІ ҚОҒАМ ҚҰРУ ЖОЛЫНДАҒЫ МАҢЫЗДЫ ҚАДАМДАРДЫ АЙҚЫНДАУЫМЕН ҚҰНДЫ»
Share on FacebookShare on Twitter

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Қазақстан халқына арнаған «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауында жаңа экономикалық саясаттың негізгі бағыттарын айқындап, экономиканың нақты секторын дамыту мәселелеріне кеңінен тоқталды. Сонымен қатар Қасым-Жомарт Кемелұлы ұлт болашағына арналған инвестициялардың жай-күйі мен оның қай бағыттарға жұмсалуы тиіс екенін көрсетіп берді.

Әсіресе, әйелдердің зейнет жасын 2028 жылға дейін 61 жас мөлшерінде қалдыру, Ұлттық қордың инвестициялық табыстарының 50 пайызын балалардың есепшотына аудару және бала күтіміне байланысты төленетін жәрдемақыны 1,5 жасқа дейін ұзарту секілді бастамалар халықтың көңілінен шыққаны шүбәсіз. Сондай-ақ, Президенттің жастарға 2,5 пайыздық үстемеақымен жеңілдетілген несие беру, 100 мың жасты жұмыспен қамту және 650 ауылға емдеу мекемелерін салу секілді тапсырмалары да халықтың әл-ауқатын жақсартуға оң ықпал етеді.

Жолдауда айтылған бастамалардың ең маңыздыларының бірі – Президент және Мәжіліс пен мәслихаттар сайлауын мерзімінен бұрын өткізу жөніндегі бастама. Себебі, Конституцияға енгізілген ауқымды өзгерістер мен толықтырулар биліктің барлық тармақтарын қамтыды. Іс жүзінде барлық мемлекеттік басқару институттарының қалыптасуы мен қызмет атқару қағидалары қайта жазылды деуге болады. Президент, Парламент және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының өкілеттіліктері қайта бөлініп, партиялық және сайлау жүйелерінің жұмыс принцптері өзгерді. Билік тармақтарының бірін-бірі тежеуі мен тепе-теңдікті сақтауының жаңа, нығайған жүйесі қалыптасты. Енді саяси жүйедегі осы өзгерістерді іс жүзінде қолдануға енгізу үшін билік институттарының құрамын сайлау арқылы жаңарту заңды құбылыс.

Жалпы, өзінің өкілеттілік мерзімін қысқарта отырып, мерзімінен бұрын сайлау өткізу жөнінде бастама көтеруі Қасым-Жомарт Тоқаевтың мемлекеттің мүддесі мен ұлт болашағын өзінің жеке мүддесінен жоғары қоя білетін нағыз саяси қайраткер екенін паш етеді. Әрі бұрындары сайлаудың мерзімі таяп қалған кезде хабарланатын еді. Мұндай жағдай балама саяси күштердің, оппазициялық партиялардың сайлауға дайындалып үлгермей қалуына әкеп соқтыратын. Сайлаудың мерзімін күнібұрын хабарлау арқыл билік өз-өзіне сенімді, әрі қандайда бір саяси фобиядан ада екенін және қоғаммен ашық диалог орнатуға дайын екенін дәлелдеп отыр. Мұның өзі алдағы электоралды компаниялардың мейлінше ашық әрі әділетті өтетінін меңзеп тұрғандай.

Мемлекет басшысы Қазақстанда орнықты демократиялық саяси модель қалыптастыру бағытындағы реформаларды кезең-кезеңімен жүргізіп келеді. Жолдауда айтылған бір реттік жеті жылдық президенттік мерзімді енгізу жөніндегі бастама – соның айғағы. Бұл – Орта Азия мемлекеттері үшін жаңашыл әрі тың бастама. Осылайша, Президент Тоқаев өңірдегі саяси трендтерді қалыптастырушы саясаткер ретінде танылып отыр. Тоқаев тренді – саяси либерализация және билік институттарын жасақтаудың демократиялық моделін қалыптастыру.

Сонымен қатар бұл Жолдау саяси мәселелермен қоса, еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына, сот жүйесін реформалауға және заң үстемдігін орнатуға қатысты тиянақты дайындалған шешімдер топтамасы мен тың бастамаларды қамтуымен құнды болып отыр. Мұның барлығы елімізде ашық әрі әділетті қоғам құру жолындағы маңызды қадамдар.

 

Previous Post

ШЫМКЕНТ: ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНДА 20 ЖАҢА МЕКТЕП АШЫЛДЫ

Next Post

Әскерге бару- азаматтық парыз

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі