13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Білім

ШЫМКЕНТ: ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНДА 20 ЖАҢА МЕКТЕП АШЫЛДЫ

1 сентября, 2022
in Білім
0
ШЫМКЕНТ: ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНДА 20 ЖАҢА МЕКТЕП АШЫЛДЫ
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкенттегі 223 мектепте алғашқы қоңырау соғылды. Осылайша биылғы оқу жылын 242 525 оқушы мен 19 мыңнан аса педагог оқу-тәрбие жұмысын бастады.

Қала әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан Қ.Сыпатаев атындағы №7 ІТ мектеп-лицейінде өткен Білім күні мерекесіне арналған  салтанатты жиынға қатысты.  Барша білім алушыларды мерекемен құттықтап, жылы лебізін білдірді. Жиында ұстаздар мен оқушылардың салтанатты шеруі болды. Мектеп табалдырығын алғаш аттаған бүлдіршіндер өлең айтып, мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Шымкентте жаңа оқу жылында 20 жаңа мектеп ашылды. Нәтижесінде 45 мектеп бір ауысымды, 173 мектеп екі ауысымда, 5 мектеп үш ауысымда білім береді. Білім ұяларының 97,8 пайызы бес күндік, үш ауысымда білім беретін 5 мектеп алты күндік оқумен қамтылады.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы бес күн оқитын мектептер – 61-ге артып, 6-күн оқитын мектептер 40-қа кеміді. Айта кетейік, оқу бағдарламасына сәйкес, оқушылар 36 оқу аптасында 173 оқу күн оқып, 192 каникул, демалыс күндерімен демалады. Оқу жылына 2 апта қосылуына байланысты біршама мүмкіндіктерге қол жетті. Қалалық білім басқармасының мәліметіне сүйенсек, қалада өзін-өзі тану пәні мұғалімдерінің саны – 339, оның ішінде 102 мұғалім «әлеуметтік педагог және өзін-өзі тану» мамандығына ие. Өзін-өзі тану пәнінің қысқаруына байланысты, оның 42-сі өз білім беру ұйымына әлеуметтік педагог болып орналасса, 23-і жаһандық құзыреттілік курсымен қамтылады. 37 мұғалім кәсіптік бағдар беруші лауазымына ауысты. Ал, дене шынықтыру пәні мұғалімдерінің саны – 1 385. 2021-2022 оқу жылында мұғалімдердің орташа оқу жүктемесі – 24,5-ті құраған. Сараптау нәтижесінде сағатпен қамтылмаған 45 денешынықтыру пән мұғалімдеріне жаңадан ашылатын 20 жекеменшік мектептердегі 113 бос орындар ұсынылды. Нәтижесінде, 5-11 сыныптарда денешынықтыру пәні бойынша жалпы орташа оқу жүктемесі – 16,3 сағат, бастауыш сыныптарда – 16 сағатты құрады. Қалада орыс тілі пәні мұғалімдерінің саны – 1 310. 2021-2022 оқу жылында мұғалімдердің орташа оқу жүктемесі – 26,5-ті құраған. Сараптау нәтижесінде пән мұғалімдері сағатпен толық қамтылған. Олардың 16-20 сағатпен – 776, 20-24 сағатпен – 521, 24-27 сағатпен – 13 мұғалім жұмыс жасайтын болады.

Previous Post

САЙРАМДА ИНВЕСТОРЛАР ЕСЕБІНЕН 5 МЕКТЕП АШЫЛДЫ

Next Post

Бахадыр НАРЫМБЕТОВ, Шымкент қаласы маслихатының хатшысы: «ЖОЛДАУ АШЫҚ ӘРІ ӘДІЛЕТТІ ҚОҒАМ ҚҰРУ ЖОЛЫНДАҒЫ МАҢЫЗДЫ ҚАДАМДАРДЫ АЙҚЫНДАУЫМЕН ҚҰНДЫ»

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі