13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Мәдениет

ШЫМКЕНТТЕ КОНГРЕСС-ХОЛЛ САЛЫНЫП ЖАТЫР

15 сентября, 2022
in Мәдениет
0
ШЫМКЕНТТЕ КОНГРЕСС-ХОЛЛ САЛЫНЫП ЖАТЫР
Share on FacebookShare on Twitter

“Шымкент Сити” аймағынан халықаралық стандартқа сай салынып жатқан конгресс-холдың  құрылысы қарқынды жүргізілуде. Ғимарат құрылысы заман талабына сай жүргізілуде.
Былтыр қазығы қағылған ғимарат құрылысы заман талабына сай жүргізілуде. Жер көлемі 5,240 га, құрылыс ауданы – 16 166,65 м2. Жұмыс барысын арнайы барып көрген қала әкімі М.Әйтенов құрылыс басқармасы мен жауапты мердігер мекеме өкілдеріне басты назарды сапаға беру керектігін ескертті. Конгресс-холл болашақта жергілікті және Республикалық маңызы бар қоғамдық іс- шараларды, конференцияларды, фестивальдерді, концерттік қойылымдарды өткізуге арналған көпфункционалды орталық болмақ. Ғимарат 3 қабаттан, 5 блоктан тұрады. 2066 орынға лайықталған көрермен залы, 190 орындық конференц залы,  80 орындық салтанат залы, 40 орындық пресс кабинет, асхана және көлікке жер асты тұрағы қарастылырған. Айта кетейік, Шымкент қаласы республика бойынша тұрғын үй құрылысы  қарқынды жүріп жатқан аймақтардың қатарында. 2020 жылы шаһарда 649,1 шаршы метрге баспана салынған болса, өткен жылы бұл көрсеткіш 1 миллион шаршы метрге дейін жетіпті. Оның 140 мың шаршы метрі әлеуметтік баспана. Шымкент қаласында жыл соңына дейін 173,3 мың шаршы метр құрайтын жалпы саны 2084 пәтердің құрылысы жүргізілу жоспарланған. Шымкентте техникалық тексеру нәтижелері бойынша тозығы жеткен 107 тұрғын үй анықталған. Аталған тұрғын үйлерді реновация бағдарламасына енгізу қарастырылуда. Қазіргі таңда реновациялық бағдарламаны инвесторлар арқылы азаматтық заңнамаға сәйкес жүзеге асыру жайы қолға алынуда. Тұрғын үй қорын реновациялау бағдарламасын қаржыландыру жергілікті бюджет және инвестициялар арқылы, оның ішінде мемлекеттік-жекеменшік әріптестік тетіктері арқылы жүзеге асыру көзделіп отыр. Еске салсақ, өткен жылы барлық қаржы көздерінің есебінен қалада 1 млн. шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді.

Previous Post

ШЫМКЕНТ: ҚАЙНАРБҰЛАҚТА ИНФРАҚҰРЫЛЫМ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫН АЛҒАН

Next Post

ШЫМКЕНТТЕ АСАНБАЙ АСҚАРОВТЫ ЕСКЕ АЛДЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі