13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: ҚАЙНАРБҰЛАҚТА ИНФРАҚҰРЫЛЫМ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫН АЛҒАН

15 сентября, 2022
in Жаңалықтар
0
ШЫМКЕНТ: ҚАЙНАРБҰЛАҚТА ИНФРАҚҰРЫЛЫМ ЖҰМЫСТАРЫ  ҚАРҚЫН АЛҒАН
Share on FacebookShare on Twitter

Қайнарбұлақ шағын ауданын инженерлік инфрақұрылыммен қамту жұмыстары қарқын алған. Шымкент қаласының әкімі М.Әйтенов аталған шағын ауданға барып, жалпы атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен танысты. Қайнарбұлақ шағынауданын инженерлік инфрақұрылыммен қамту жұмыстары қарқын алған, десек те бірқатары келесі жылға өтпелі. 60 750-ге жуық тұрғыны бар Қайнарбұлақта қазір 329,8 шақырымды құрайтын ауыз су құбырлары тартылуда. Әзірге 50 шақырымы біткен. Табиғи газбен қамту жұмыстары екі секторға бөліп жүргізілуде.  Жаңақұрылыс тұрғын алабында ұзындығы 233,4 шқ болатын газ жүйелері тартылуда.  Саяжай алабында газ жүйелерінің ұзындығы: 206,7 шқ.  Екі сектордағы құрылыс жұмыстарды келесі жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланған. Сонымен қатар электр жүйесімен қамтудағы жұмыстар 2023 жылдың ІІІ-тоқсанында аяқталмақ. Жалпы электр жүйелерінің ұзындығы 68,6 шқ. құраса, осы кезге дейін жұмыстың 40%-ы орындалды.  Шаһарда қазіргі таңда электрмен қамту деңгейі 97%-ды құрайды. Қаладағы 81 елді мекеннің 73-і сапалы электрмен қамтылған. Ал қалған 8 елдімекенде электр қуаты сапасыз. Өткен жылы қалада «Бозарық» 220 КВ мен«1-М-1» 110КВ электр тарату станциясы және 7 елдімекенде құрылыс аяқталып, пайдалануға берілген болатын. Ауыз су құбырлары жүйесін орнату жұмыстары 11%-ға орындалған. Нысан 2023 жылы аяқталмақ. Аталған елдімекендерді табиғи газбен қамту бойынша жобалық-сметалық құжаттар әзірленуде.

2020 жылы Центральная көшесі, 2022 жылы Степная, Бөлешов, №125 мектеп көшелері жарықтандырылды. Ал 2023 жылы Дружба, Фабричная, Металлург, Заводская, Құрасбеков, Шанин, Жаңақұрылыс көшелері жарықтандырылатын болады. Нысандарды тексеріп шыққан қала басшысы мердігерлер мен тиісті сала басшыларына жұмыстардың мерзімдік және сапалық міндеттемелерге мұқият болуды тапсырды.

Previous Post

«AMANAT»: ФРАКЦИЯДА ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДІҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ ҚАРАЛДЫ

Next Post

ШЫМКЕНТТЕ КОНГРЕСС-ХОЛЛ САЛЫНЫП ЖАТЫР

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі