13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: ҚАЙНАРБҰЛАҚТЫҚТАР САПАЛЫ АУЫЗ СУМЕН ҚАМТЫЛАДЫ

2 сентября, 2022
in Жаңалықтар
0
ШЫМКЕНТ: ҚАЙНАРБҰЛАҚТЫҚТАР САПАЛЫ АУЫЗ СУМЕН ҚАМТЫЛАДЫ
Share on FacebookShare on Twitter

Қаратау ауданына қарасты Қайнарбұлақ тұрғын алабында ауыз су құрылысы жүргізілуде. Құрылыс жұмыстары 2023 жылы аяқталып, пайдалануға беріледі.

Бекітілген жобаға сәйкес, 329,8 шақырым ішкі орамдық су жүйелері тартылады. Қазіргі уақытта 40 шақырым су құбыры тартылып, құрылыстың 15 пайызы аяқталды.

Айта кетейік,  Шымкент қаласында мемлекеттің инженерлік инфрақұрылымды дамыту бағдарламалары сәтті іске асып жатыр. Мәселен, Шымкент қаласы республикалық мәртебе алған 4 жыл ішінде тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету көрсіеткіші 93 пайыздан 98 пайызға артты. Атап айтар болсақ, қалада өткен жылы 14 нысанның құрылыс жұмыстары жүргізілген. 2021 жылдың қорытындысы бойынша,барлығы 10 елді мекенде құрылыс жұмыстары аяқталған. Нәтижесінде Тұран, Асар-2, Солтүстік саяжай, Ынтымақ-2, Батыс, Жаңатұрлан және Ақтас-2, Жаңаталап, Сәуле (276 орам) және Нұртас елді мекенінде ауыз су мәселесі түбегейлі шешілді. Сонымен қатар, 3 магистралды суаққының құрылысы аяқталып пайдалануға берілді.

Абай ауданына қарасты Арғымақ шағынауданында ауыз су мәселесі бұған дейін өзекті болып келді. Жоспар бойынша 2021 жылы мердігер компания құрылысты бастап, 6,8 шақырымға су құбыры тартылды. Маусым айынан бастап тұрғын үйлерге су беріле бастады. Ал Құрсай шағынауданында екі кезеңнен тұратын құбыр жүргізу жұмыстарының 60 пайызы орындалды.

Қазіргі таңда Шымкентте сапалы ауыз сумен қамту мақсатында 7 нысанда су құбырларын тарту жұмыстары кезең-кезеңімен іске асырылып жатыр. Олар — Құрсай-1 мен 2, Асар-2, Нұртас, Текесу, Қайнарбұлақ шағынаудандары, Еңбекші ауданындағы жаңа құрылыс аумақтары. Тиісті жұмыстар аяқталған соң бұл шағын аудандарда 11 мыңнан астам тұрғын ауыз суға қол жеткізеді.

Жалпы, Шымкентте ауыз суды кестемен тұтынатын тұрғын алаптар саны жыл сайын азайып келеді. Қалада жалпы 81 шағынаудан мен тұрғын алап болса, оның 78-і сапалы ауыз сумен толық қамтамасыз етілген. Жауапты мамандар 2023 жылы қала халқы таза сумен толық қамтамасыз етіледі деп жоспарлап отыр.

Previous Post

ТҮРКІСТАННАН ТЕРІСКЕЙГЕ МЫҢҒА ЖУЫҚ ОТБАСЫ ҚОНЫС АУДАРҒАН

Next Post

Шымкентте тұрмыстық қатты қалдықтарды тасмалдаушы компанияларға айыппұл салынды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі