13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Билік

Шымкентте тұрмыстық қатты қалдықтарды тасмалдаушы компанияларға айыппұл салынды

3 сентября, 2022
in Билік
0
Шымкентте тұрмыстық қатты қалдықтарды тасмалдаушы компанияларға айыппұл салынды
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласында тұрмыстық қатты қалдықтарды тасымалдаумен айналысатын бірқатар мердігер мекемелерге қатысты әкімшілік хаттама толтырылып, айыппұл салынды. Себебі, дизель отынының қымбаттауы мен тапшылғына байланысты мердігер мекемелер өздерінің келісімшартта көрсетілген міндеттемелерін тиісті деңгейде орындамаған. Осыған байланысты тұрғындар тарапынан қоқыстың уақтылы тазаланбауына қатысты шағымдар жиілеп кеткен.

Атап айтқанда, Шымкент қаласының экология департаменті тарапынан Абай ауданының аумағында тұрмыстық қатты қалдықтарды тасымалдау, сақтау және өңдеумен айналысатын «Гринлайн» компаниясына 689 мың теңге көлемінде айыппұл салынған. Сонымен қатар аудан аумағында белгіленбеген орындарға қоқыс тастағаны үшін жеке және заңды тұлғаларға қатысты 40 хаттама толтырылып, жалпы 300 мың теңге айыппұл салынып отыр. Жалпы, Абай ауданының аумағындағы 112 қоқыс алаңшасында 485 қоқыс контейнері орналастырылған. Ондағы тұрмыстық қатты қалдықтарды шығарумен «Шымкентспецкомплекс ЛТД» ЖШС-і айналысады.

Ал, Әл-Фараби ауданында 192 алаңшада 749 қоқыс контейнері бар. Ондағы қоқысты тазалаумен «Шымкентспецкомплекс ЛТД», «ЭкоСпецТранс» және «Арнаулыавтокөлік» ЖШС-тері айналысады. Жыл басынан бері экологиялық полиция мен аудан әкімдігі бірлесе отырып 85 рейдтік іс-шара жыл басынан ұйымдастырған. Нәтижесінде ҚР Әәкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 505-ші бабы бойынша 1 104-әкімшілік хаттама толтырылып, оның ішінде 1 097 – ескерту берілген. Ал, 7-іс бойынша құқық бұзушыларға 336 930 теңге көлемінде айыппұл салынған. Сонымен қатар, аталған Кодекстің 434-2-ші бабы бойынша 1 966-әкімшілік хаттама толтырылып, жалпы 20 054 992 теңге айыппұл салынып, оның 12 098 850 теңгесі өндірілген.

Айта кетейік, Шымкент қаласы әкімдігі тарапынан тұрмыстық қатты қалдықтарды тазалау жұмыстары жеке тұлға мен мердігер мекеме арасындағы келісімшарт негізінде жүзеге асырылатыны жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Яғни, мердігер мекеме қоқысты уақтылы тазаламаса, өзінің келісімшартта көрсетілмеген міндеттемесін орындамағаны үшін тұрғындар сотқа шағымданып, компанияға айыппұл салғыза алады.

Tags: 13kz13kz.kz13кзтазалықШымкент
Previous Post

ШЫМКЕНТ: ҚАЙНАРБҰЛАҚТЫҚТАР САПАЛЫ АУЫЗ СУМЕН ҚАМТЫЛАДЫ

Next Post

В Шымкенте оштрафовали компании по вывозу твердых бытовых отходов

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі