13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Әскерде азаматтық борышын өтеп жүрген сарбаз мектеп оқушыларымен кездесті

2 сентября, 2022
in Жаңалықтар
0
Әскерде азаматтық борышын өтеп жүрген сарбаз мектеп оқушыларымен кездесті
Share on FacebookShare on Twitter

Ағымдағы жылдың көктемінде мерзімді әскери қызметке шақырылған Шымкент қаласының тумасы Бағлан Алдабергенов 1 қыркүйек күні өзі білім алған №69 орта мектебінің бітіруші сыныптарының оқушыларымен «Білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік пен патриотизм» тақырыбында ерлік сабағын өткізді.

Кездесу барысында қатардағы жауынгер Бағлан Алдабергенов оқушылармен тез тіл табысып, өткен 5-6 айдың ішінде басынан кешкен қызықты оқиғаларымен, әскерге барғалы өмірінде болған пайдалы өзгерістер туралы бөлісті және армияда жүріп алдыңа қойылған кез-келген мақсатқа жету үшін адам бойында мінез бен тәртіптің болу қажеттігін түсінгенін айтты.

Өткен ерлік сабағы барысында мектеп оқушылары өздерінің көкейлерінде жүрген сұрақтарға жауап пен сарбаздардың күнделікті өмірі туралы толыққанды ақпарат алатын мүмкіндіктерін тиімді пайдаланды.

Сонымен қатар, кездесуге Шымкент қаласы қоғаныс істері жөніндегі департаментінің, ардагерлер қоғамдық бірлестігінің өкілдері мен құқық қорғау қызметкерлері де қатысты. Олар еліміздің әрбір азаматының Отан алдындағы борышы, міндеттері туралы айтып, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері қатарында игеруге болатын әскери мамандықтар туралы әңгіме жүргізіп, осы мамандықтардың артықшылығы жөнінде әңгіме қозғады.

Шымкент гарнизонының баспасөз қызметі

Tags: 13kz13kz.kz13кзШымкентШымкент гарнизоны
Previous Post

Шымкенттің «Жас ұлан» мектебінде 400-ге жуық бала білім алуда

Next Post

ШЫМКЕНТ: ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАР ЖОЛДАУДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДЫҢ ТЕТІГІН ТАЛҚЫЛАДЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі