13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкенттің «Жас ұлан» мектебінде 400-ге жуық бала білім алуда

2 сентября, 2022
in Жаңалықтар
0
Шымкенттің «Жас ұлан» мектебінде 400-ге жуық бала білім алуда
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласындағы Кеңес Одағының Батыры генерал Сабыр Рақымов атындағы республикалық «Жас ұлан» мектебінің барлық тәрбиеленушілері үшін жаңа оқу жылының басталуын білдіретін алғашқы қоңырау соғылды.

Мектепте 400-ге жуық ұлан білім алады, оның шамамен 250-і биылғы жылы мектеп тәрбиеленушілері атанды.

Алғашқы қоңырау салтанатты рәсімі Кеңес Одағының Батыры генерал Сабыр Рақымовтың мүсініне гүл шоқтарын қоюдан басталып, іс-шараға шақырылған құрметті қонақтардың құттықтау сөздерімен жалғасын тапты.

Жаңа оқу жылының басталуына арналған құттықтау сөзінде 1-ші оқу ротасының ұланы Мирас Серік тәрбиеленушілердің атынан мектеп басшылығына қамқорлығы үшін алғыс білдіріп, ұланның абыройына нұқсан келтірмей жақсы оқу үшін барлық күш-жігерлерін салатынына сендірді.

Оқу жылына бастама беретін алғашқы қоңырау соғу 1-ші оқу ротасының ұланы Есімхан Байназар мен Әль-фараби академиялық мектебінің бірінші сынып оқушысы Айсұлтан Азаматовқа берілді.

Салтанатты митингтен кейін мектеп көркемөнерпаздарының концерті өтті. Мектепке келген қонақтар білім ошағының оқу-материалдық базасымен, сондай-ақ, ұландардың тыныс-тіршілігімен таныс болды.

Айта кетсек, мектеп тәрбиеленушілері жалпы білім беру бағдарламасымен бірге, дене даярлығымен қарқынды шұғылданады және алғашқы әскери дайындықты терең зерделейді. «Жас ұлан» республикалық мектебінің көптеген түлектері әскери істі оқуды әрі қарай жалғастырып, әскери жоғары оқу орындарына түсуде және Қазақстан Республикасының Қарулы күштері мен өзге де әскери құрылымдардың лайықты офицерлері атанып жатыр.

Шымкент гарнизонының баспасөз қызметі

Tags: 13kz13kz.kz13кзШымкентШымкент гарнизоны
Previous Post

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ ПОЙЫЗДА ТЕГІН ТЕКСЕРУДЕН ӨТЕ АЛАДЫ

Next Post

Әскерде азаматтық борышын өтеп жүрген сарбаз мектеп оқушыларымен кездесті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі