13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: «АУЫЛ АМАНАТЫ» ЖОБАСЫ АУЫЛ ЖАСТАРЫНА ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

19 августа, 2022
in Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН: «АУЫЛ АМАНАТЫ» ЖОБАСЫ АУЫЛ ЖАСТАРЫНА ТАНЫСТЫРЫЛДЫ
Share on FacebookShare on Twitter

Бұл жоба халықтың тұрмысын көтеруді көздейтін мемлекеттік бағдарламаға сай 7 млн теңгеге дейінгі ең төменгі 2,5%-пайыздық несие 7 жылға арналған. Ал кепіл ретінде елді-мекендегі барлық үй жарайды. Әрі банктегідей емес (банкте 50%), баспана құнының 80%-на дейін есептеледі. Қаражат қолға тиген соң алғашқыда 1,5 жылға дейін демалыс алуға толық мүмкіндік бар. Несиені ай сайын емес, тоқсанына немесе жарты жылда бір рет жабуға да болады. “Бармақ басты” жағдайларға жол берілмеуі үшін барлық ауыл окургтерінде құжат қабылдау барысында елағаларынан, билер мен партия белсенділерінен комиссиялар құру көзделуде. Банктерге бағынышты болмауы үшін бұл қаражат өңірімізде “Түркістан” ӘКК-і арқылы тарату ұсынылуда.

Президенттің бастамасы бойынша 2023 жылы іске асатын жобаның шарттарын түсіндіру үшін “Аmanat” партиясы жанынан құрылған арнайы топ елордадан облысқа келіп, Төлеби ауданы халқымен кездесті.

Мал және егін шаруашылығына 7 жыл, ал жеңіл өнеркәсіпке 5 жылдан беріледі. Мұндай төмен пайыз тарихта болмаған.

Жоба 3 жыл бұрын Жамбыл облысының 11 ауданда пилоттық негізде тәжірибеден өткен. Нәтижесі оң. Халықтың кәсіпке ынтасы оянып, жаңа жұмыс орындары ашылған. Бастапқыда азаматтар сенімсіздік танытыпты. Үйді-үйді аралау, насихаттың дұрыс жүргізілуі, нақты ақпараттардың жеткізілуінің арқасында жұмыссыздар мен АӘК алушылардың саны азайған.

Өз шаруасын дөңгелеткен тұрғындардың 98%-ы берешекті толық өтепті. 36%-ы екі жылдың ішінде қарызды түгел жапқан. Небәрі 2 жыл ішінде осындай көрсеткішке ие болған “жамбылдықтар” тіпті несие тарихында кешігу процессін бастан өткермепті. Мұнан бөлек салық та көбейген. Қазір олар жобаның басталуын күтіп, ынталанып жүр. Міне тәуекел, сенім, құлшыныс, еңбек. Бұл аграрлы және кәсіпке бейім біздің облыс тұрғындары үшін де таптырмас әрі тиімді жоба. Мобильді топ айтарлықтай жаңалықтарымен бөлісіп келеді. Жобаны алдын ала таныстырып, халықтың пікірімен санасып, ертерек қамдануға шақыру ауыл адамдарына деген жанашырлық, үлкен көмек. Ауылдың әлеуметтік-экономикасының дамуына өзгеріс әкелетіні анық. Өйткені несиелендіру қалаға емес тек ауылға бағытталуда.

Ең қызығы, жаңа бағдарламада 5 АЕК көлемінде жарна төлеп-ақ кооператив құруға мүмкіндік туып отыр. Бұған дейін жылжымайтын мүлік қою міндеттелген. Сарапшылардың бірі қызықты оқиғамен бөлісті. Сүт өнімдерін базарға тасып саудалайтын тұрғындарға ұтымды кеңес айтылған екен. Демалыс орындарының сұранысы күнделікті 30 литр сүт-айран жеткізу болған. Осы ұсынысты азаматтарға айтылса, талапты орындауға кейбір тұрғын қауқарсыз деген жауап алады. Ал кооператив құрылса бірінің орнын бірі алмастырып, түрлі кедергілерден оңай өте алады. Бұрынғы бағдарламаларда біріккен мүшелер бір-бірінің несиесіне жауапты болып қарызын өтемеген кәсіпкердің салдарынан кейінгілерінің шоты жабылып отырған. Ал “Ауыл аманаты” жобасында әр азамат жауапкершілікті тек өзі арқалайды.

Жасыратыны жоқ цифрлы заманда өмір сүрсек те, кейбір жағдайда бір қағаздың соңынан сенделіп, уақыттан ұтылатын кезіміз болады. Сайып келгенде тағы да жаңа жүйенің артықшылығына тоқталмақпын. Мәселен, банктен несие алу барысында 30-дан астам құжат түрі рәсімделсе, “Ауыл аманаты” жобасына 12 құжат қана тіркеледі. Тіпті оны онлайн қабылдау да қарастырылуда.

Халық құжаттарын кімге өткізерін білмей, сабылмауы үшін ескерткен жөн, алдымен ауылдарда скрининг өтеді. Ол дегеніміз ауылға керекті кәсіп түрлеріне талдау жасалады.

Previous Post

ШЫМКЕНТ: АЛЬ-ФАРАБИЙСКИЙ РАЙОН ДО КОНЦА ГОДА БУДЕТ ОБЕСПЕЧЕН 100% ПИТЬЕВОЙ ВОДОЙ

Next Post

ТҮРКІСТАН: АРЫСТЫҢ ҚОС СПОРТШЫСЫ ЖҮЛДЕЛІ ОРЫННАН КӨРІНДІ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі