13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Спорт

ТҮРКІСТАН: АРЫСТЫҢ ҚОС СПОРТШЫСЫ ЖҮЛДЕЛІ ОРЫННАН КӨРІНДІ

20 августа, 2022
in Спорт
0
ТҮРКІСТАН: АРЫСТЫҢ ҚОС СПОРТШЫСЫ ЖҮЛДЕЛІ ОРЫННАН КӨРІНДІ
Share on FacebookShare on Twitter

Біріккен Араб Әмірлігінің Абу-Даби қаласында ММА аралас жекпе-жектен әлем чемпионаты өтті. 17-20 тамыз аралығында жалғасқан бәсекеде 14-15 және 16-17 жас аралығындағы жасөспірімдер өнер көрсетті. Чемпионатқа 42 елден 479 спортшы қатысты. Қазақстан атынан 20 атлет сынға түсті. Қазақстан құрамасының қатарында Түркістан облысының сайыпқырандары да болды. Олар  ел намысын абыроймен қорғап шықты.

Атап айтқанда, арыстық қос бірдей батыр қыз — Аяжан Ергентай мен Аяулым Әубәкір жүлдегерлер қатарынан көрінді. Бапкерлері — Мұхтар Мамедов, Асхат Борықбаев, Бағдат Жүсіпов

16-17 жас аралығында 52 келі салмақта сынға түскен Аяжан Ерзатқызы күміс медаль алды. Аяжан Ергентай ауған соғысынынң ардагері Ергентай Көшкінбаевтың немере қызы. Осы орайда көпшілік, Батырдың отбасында батыр ұрпақ тәрбиеленетініне тағы да көз жетті деп таңданыстарын жасырмады.

Ал 14-15 жас аралығында Аяулым Дәуленқызы 44 келі салмақ дәрежесінде қола медаль иеленді.

Естеріңізге сала кетейік, 2021 жылдың 30 шілде мен 1 тамыз аралығында Болгария Республикасының астанасы София қаласында жасөспірімдер арасында MMA аралас жекпе-жегінен әлем

Біріншілігі қткен еді. Жасөспірімдер арасындағы әлем біріншілігіне 23 елден 300-ден астам спортшы қатысып, Қазақстан намысын 29 спортшы қорғаған болатын. Осы сайыста да арыстық жаттықтырушы Асхат Борықбаевтың қос шәкірті Аяулым Әубәкір мен Аяжан Ергентай қола жүлдеге ие болған.

ММА бойынша әлем чемпионатының қорытындысы бойынша Қазақстан сегізінші орында.

Айта кетейік, бүгінде қаламызда дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде шұғылданушылардың саны 23 мың 955 адамға жеткен. Бүгінде Арыс қаласында 4 спорт мектептері жұмыс істейді. Онда оқушылар спорттың 13 түрімен оқу жаттығуларымен айналысуда.

 

 

Previous Post

ТҮРКІСТАН: "АУЫЛ АМАНАТЫ" ЖОБАСЫ АУЫЛ ЖАСТАРЫНА ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

Next Post

ТҮРКІСТАН: МӘЖІЛІС ДЕПУТАТЫ СОЗАҚТЫҚТАРМЕН КЕЗДЕСТІ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі