13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Мәдениет

Түркістан: «Ақсудан ұшқан аққуым» атты аудандық ән байқауы өтті

23 августа, 2022
in Мәдениет
0
Түркістан: «Ақсудан ұшқан аққуым» атты аудандық ән байқауы өтті
12
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгін, Төлеби ауданы әкімінің қолдауымен Төлеби аудандық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен Мәдени ауылдық клубында Шәмші Қалдаяқовтың ұмыт қалып, айтылмай жүрген шығармаларын халық арасында насихаттау, ән өнерін дамыту, қазақ әндерін орындаушылар арасында жас талант иелерін анықтау, кәсіби бағдар беру, жеке тұлғалардың қалыптасуына ықпал ету мақсатында таланттарымыздың өнерін сынға салатын аудандық «Ақсудан ұшқан аққуым» атты ән байқауы өтті.

Байқаудың бастауы Ш.Қалдаяқовтың осы Мәдени еліне Ақсу өзенінің бойына келген кездегі туындаған шығармасы Жоғарғы Ақсу ауылдық оругінің әнұранына айналған «Ақсудан ұшқан аққуым» әнін іс – шараға келген ауыл тұрғындары мен байқауға қатысушы үміткерлердің орындауымен бастау алды.

Байқауға алдын – ала іріктеуден өткен 12 үміткер қатысып, өз бақтарын сынға салды.

Қазылар алқасының шешімімен төмендегідей нәтиже шығарылды:

І – ОРЫН Сәрсенбай Айғаным (Қайнар ауылдық клубы)

ІІ – ОРЫН Жасұзақ Әсел (Көксәйек ауылдық мәдениет үйі)

ІІ – ОРЫН Сұлтанқұл Еркеғали (Оңтүстік ауылдық клубы)

ІІІ – ОРЫН Бүркіт Бейбарыс (Бірінші Мамыр ауылдық мәдениет үйі)

ІІІ – ОРЫН Алпысбай Толғанай (Сарқырама ауылдық мәдениет үйі)

ІІІ – ОРЫН Рахматулла Ақнұр (Зертас ауылдық мәдениет үйі)

ІІІ – ОРЫН Мамытбекова Шолпан (Бірінші Мамыр ауылдық мәдениет үйі)

Қалған қатысушылар арнайы дипломдармен марапатталды.

Айта кетейікғ 15 — тамыз  Қазақстанның халық әртісі, композитор, қазақ мәдениетіне еңбегі сіңген қайраткер, қазақ вальсінің королі Шәмші Қалдаяқовтың туған күні. Қырық жылдан астам уақыт ішінде сазгер 300-ге жуық музыкалық туынды жазды. Кеңестік жылдарда қазақ ұлттық музыка өнерінің ән жанрына жаңа леп алып келді. Композитор елге, жерге, Отанға, ата-анаға деген махаббатын әсем әуенмен жеткізе білді.

 

Previous Post

Энтеробиозға тексеру туралы мәлімдеме

Next Post

ШЫМКЕНТТЕГІ 276-ОРАМ ТҰРҒЫНДАРЫ ЭЛЕКТР ҚУАТЫМЕН ҚАМТЫЛДЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі