13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕГІ 276-ОРАМ ТҰРҒЫНДАРЫ ЭЛЕКТР ҚУАТЫМЕН ҚАМТЫЛДЫ

23 августа, 2022
in Жаңалықтар
0
ШЫМКЕНТТЕГІ 276-ОРАМ ТҰРҒЫНДАРЫ ЭЛЕКТР ҚУАТЫМЕН ҚАМТЫЛДЫ
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкенттегі Сәуле шағынауданы, 276-орам тұрғындарын сапалы электр қуатымен қамту жұмыстары аяқталды.

Мұнда 918 электр бағанасы орнатылып, 72 шақырым электр желісі тартылды. Нәтижесінде 1300-ден астам абоненттің мемлекеттік жарықты қолдануына мүмкіндік туды. Бүгінде құрылыс толығымен аяқталып, жекеменшік желіден электр қуатын тұтынып келген тұрғындар мәселесі шешімін тапты. Енді олар 1 кВт электр энергиясы үшін бұрынғыдай 28 тг емес, 16-17 тг төлейтін болады.

Осындай ізгі іске ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары: Берік Бекжанов, Берік Оспанов, Фахриддин Қаратаев пен Мұратәлі Қалмұратов, сондай-ақ қоғам белсенділері мен БАҚ өкілдері куә болды. Ал, халық жүрекжарды лебіздерін жолдап, алғыс айтты.

 

Жалпы 276-орамды инфрақұрылыммен қамту жұмыстары қарқынды жүргізілуде.  Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылы 276 орамды электр жүйесімен қамтамасыз ету мақсатында демеушілер тарапынан 25 бағана, 2 шақырым сым және қуаттылығы 160 кВт көтеретін трансформатор орнатылып, 150-ге жуық жеке тұрғын үйлер электр қуатымен қамтамасыз етілген еді.

Ауыз сумен қамту үшін мемлекеттік сатып алу конкурсы өткізіліп, жеңімпаз мердігер мекеме «Агат» ЖШС-мен 532,5 млн. теңгеге келісімшарт түзілген. Құрылыс жұмыстары 2021 жылдың маусым айында басталып, қараша айында су құбырларын тарту аяқталған. Ал биыл табиғи газ жеткізуде 28 шақырымдық құбыр орнатылып, құрылыс жұмыстары жыл соңына дейін аяқталады деп жоспарлануда.

Сонымен қатар, топырақ жолдардың санын азайту мақсатында 2020 жылы 4,9 шақырым жолға (4 көше) шағал тас төселді. Аталған көшелерге 2022 жылы асфальт төсеу жұмыстары жүргізіледі.

Тілге тиек етейік, Сәуле шағынауданы 276 орамға жеке тұрғын үй салу үшін 600 жер телімі берілген. Бүгінгі таңда 350 тұрғын үй құрылысы жүргізілген. Халық саны – 526 адам.

Previous Post

Түркістан: «Ақсудан ұшқан аққуым» атты аудандық ән байқауы өтті

Next Post

ТӨЛЕБИ: АУДАН ӘКІМІ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі