13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Мәдениет

ТӨЛЕБИДЕ «АЙБАРЫ МЫҚТЫ – АТА ЗАҢ» ЖИЫНЫ ӨТТІ

27 августа, 2022
in Мәдениет
0
ТӨЛЕБИДЕ «АЙБАРЫ МЫҚТЫ – АТА ЗАҢ» ЖИЫНЫ ӨТТІ
18
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгін Қазақстан Республикасы Конституциясы күніне орай, Төлеби аудандық Мәдениет үйінде «Айбары мықты – Ата Заң!» тақырыбында мерекелік іс-шара өтті. Жиын ежелден Дала Заңымен, Қасым ханның «Қасқа жолы» мен Есім ханның «Ескі жолымен» жүрген Қазақ елінің тарихи кезеңдеріне арналған сахналық қойылыммен ашылды.

Мерекелік жиынға аудан әкімі Төлеген Тұртайұлы, аудандық мәслихат хатшысы Нұрлан Хамзаұлы қатысып, жиналғандарды Ата Заңның қабылданғанына 27 жыл толуымен құттықтап, ізгі тілектерін жеткізді.

Ата Заңымыз мемлекеттіліктің барлық арман-мүддесін толық қамтыған, елімізде жүзеге асқан және жүзеге асатын саяси, экономикалық және әлеуметтік жаңарулар мен жетістіктердің құқықтық тұғыры.

Конституция қабылданғаннан бергі өткен уақыт тарихи өлшемдер тұрғысынан аз болғанымен, біз үшін ол өткен жолымызды ой елегінен өткізу мүмкіндігі берілген кезекті кезең болып табылады.

— Ата Заңда «Мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы — халық» деп көрсетілген. Сондықтан, қолданыстағы заң жүйесі ел игілігі жолында тиімді болуы тиіс. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы халықтың ұсыныс-пікір, өтініштерін ескере отырып, Ата Заңға өзгерістер енгізуді ұсынып, «Жаңа Қазақстанның» жаңаша келбетін қалыптастыру, оны құру бағытында тұрған міндеттер мен оларды шешу жолдарын айқын көрсетті. Нәтижесінде, республикалық референдум өтіп, халықтың таңдауымен Конституцияның 33 бабына өзгерістер енгізілді. Бауыржан Момышұлының «Тәртіпке бас иген құл болмайды, тәртіпсіз ел болмайды» деген сөзін басшылыққа ала отырып, Ата Заңды ардақтау – келешекке керуен тартқан мемлекетіміздегі әрбір азаматтың асыл парызы екенін әрдайым естен шығармайық! Конституциямыздың мерейі артып, ел өмірінің дамуына, әлеуметтік-құқықтық жағдайының жақсаруына қызмет ете берсін деп тілейік, деді құттықтау сөзінде аудан әкімі.

Салтанатты іс-шарада ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан бірқатар азаматтар Төлеби ауданның 90 жылдығына арналған мерекелік төсбелгімен, облыс және аудан әкімдерінің «Алғыс хатымен» марапатталды.

Previous Post

ТҮРКІСТАН: ОРДАБАСЫДА «АТА ЗАҢЫМ – АЙБЫНЫМ» МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТІ ӨТТІ

Next Post

ШЫМКЕНТТІКТЕР КОНСТИТУЦИЯ КҮНІН АТАП ӨТТІ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі