13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Мәдениет

ТҮРКІСТАН: ОРДАБАСЫДА «АТА ЗАҢЫМ – АЙБЫНЫМ» МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТІ ӨТТІ

27 августа, 2022
in Мәдениет
0
ТҮРКІСТАН: ОРДАБАСЫДА «АТА ЗАҢЫМ – АЙБЫНЫМ» МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТІ ӨТТІ
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгін Ордабасы аудандық мәдениет үйінде Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған «Ата заңым — Айбыным» атты мерекелік шарасы өтті.

Салтанатты шараға қатысқан аудан әкімі Нұрбек Бақтыбайұлы ауыл тұрғындары мен қонақтарын мерекемен құттықтап, Ата заңның тәуелсіз Қазақстан тарихында алар орнының ерекше екендігін атап өтті.

«Ата заң — қастерлі құжат, тұрақтылық пен татулықтың тұғыры. Оның іргетасы тарихтың терең түбінде жатыр. Ол дала тіршілігімен тығыз байланысты. Бүгінгі Ата Заңымыз ата-бабаларымыздың өмір сүру дағдысымен қалыптасқан, әз Тәукенің «Жеті Жарғысы», Қасым ханның «Қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы» секілді дала өмірінің заңнамалары жалғасы екендігі даусыз», — деді аудан басшысы.

Егемен еліміздің негізгі Заңының қабылдануы — тәуелсіз Қазақстан тарихындағы аса маңызды оқиғалардың бірі болып табылатынын айтқан аудан әкімі Ата Заң аясында бүгінгі халқымыз тыныштықта өмір сүріп жатқанын айтты өз құттықтау сөзінде.

Бұдан бөлек мерекелік шарада азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мақсатында жан-жақты ізденіспен жұмыс жасап, қоғамдағы саяси тұрақтылықты, татулық пен бірлікті қамтамасыз етуде табыс биігінен көрінген бірқатар азаматтар аудан әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.

Ата заңның қасиеті мен маңыздылығы дәріптелген мерекелік шарада отаншылдық тақырыбындағы патриоттық әндер шырқалып, Ауданымыздың әнұранына айналған «Ордабасы» әні Дарын триосының орындауында көрермен назарына ұсынылды. Сонымен қатар, Ордабасы аудандық мәдениет үйі жанынан құрылған «Шаттық» би ансамблі өз өнерін паш етті.

Айта кетейік, мемлекетіміздің құқықтық негізін айқындаған Конституциямыздың қабылданғанына биыл 27 жыл толып отыр.

 

Previous Post

СОЗАҚТА ДӘСТҮРЛІ ТАМЫЗ КЕҢЕСІ ӨТТІ

Next Post

ТӨЛЕБИДЕ «АЙБАРЫ МЫҚТЫ – АТА ЗАҢ» ЖИЫНЫ ӨТТІ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі