13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Қоғам

ОРДАБАСЫЛЫҚ ҚАРИЯЛАР АРАСЫНДА БАТА ЖАРЫСЫ ӨТТІ

29 августа, 2022
in Қоғам
0
ОРДАБАСЫЛЫҚ ҚАРИЯЛАР АРАСЫНДА БАТА ЖАРЫСЫ ӨТТІ
Share on FacebookShare on Twitter

Ордабасы ауданы, Қараспан ауыл округіне қарасты Көлтоған ауылындағы «Қырық шілтен» мешітінде аудандық ішкі саясат бөлімі және аудандық орталық мешіттің ұйымдастыруымен «Қария батасы ел берекесі» тақырыбында ауданның батагөй қарияларың арасында байқау өтті.

Оған Түркістан облысының бас имамы Қарақұлов Еркебұлан қатысты. Жалпы, бата – қазақтың ертеден келе жатқан ұлттық дәстүрлерінің бірі. Бата, тілек ақ дастархан басында, түрлі тойларда, жақсылықтарда айтылады. Бата арабтың «фатеке» деген сөзінің қазақша айтылу түрі. Оның мағынасы – алғыс айту, ақ ниет, тілек білдіру. Ақсақалдар үйде бір жақсылық бола қалған жағдайда немесе сойылатын малға бата жасап, балаларға құлақ үлестіреді. Бұның бір жағында үлкенді сыйлау жатса, екінші жағында «баталы құл арымас, батасыз құл жарымас» деген, ізгі ықылас-игілікке деген тілектестік жатады.

Ұйымдастырылған сайыста 30 жуық қазыналы қарттар қанатты сөз айтудан сынға түсті.

Шараның мақсаты — көпті көрген данагөй қарттарымыздың өнегелі өмірін үлгі ете отырып, ғибрат боларлық сөздерін жас ұрпақтың бойына сіңіру. Сондай-ақ асыл қазына қариялардың бойындағы қасиеттерін дәріптеу арқылы жастарды имандылыққа тәрбиелеу, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуді үйрету.

Ауыл ақсақалдары, сондай-ақ тосыннан қойылған сұрақтарға аталы сөзбен жауап қайтарып, әр бағытта берілетін баталардың мәнін түсіндіріп отырды.

Сайыс қорытындысымен жеңімпаз қарияларға алғыс хаттар мен сыйлықтар табысталды.

Бас жүлде Пердебеков Балғынбай қажы «Омар ибн Хаттап» мешітінің қариясы;

1 орын — Дүйсенұлы Бейсенбай Көкарал ауылы «Көкарал» мешітінің қариясы;

2 орын — Отенбаев Дүйсенбай Қараспан ауылы «Қырық әулие» мешітінің қариясы;

3 орын — Тілеумұрат Тәжімұрат Ақжол ауыл «Алымқожа» мешітінің қариясына бұйырды.

Previous Post

ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА ЖАҢА МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Next Post

ЖЕТІСАЙ: "КҮЛПАРШЫН" БАЗАРЫНЫҢ 75%-Ы ТАЗАРТЫЛДЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі