13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Спорт

ОТЫРАРДА СПОРТ САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІКТЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

18 августа, 2022
in Спорт
0
ОТЫРАРДА СПОРТ САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІКТЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгін Отырар ауданында еліміздегі спорт саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай салтанатты жиын өтті. Шара барысында аймақтағы үздік спортшылар мен жаттықтырушылардың жетістіктері аталып, арнайы алғыс хаттармен марапатталды.

Жиынның ашылу салтанатында аудан әкімінің орынбасары Айдос Құлмаханов құттықтау сөз сөйлеп, спорт саласында түрлі деңгейдегі жетістіктерге жетіп жүрген аудан спортшыларына аудан әкімі Сәкен Сұлтанхановтың алғыс хаттарын табыстады.

Сонымен қатар аудандық мәслихат хатшысы Мырзахан Манапов ауданымызда спорт саласына еңбек сіңірген жаттықтырушылар мен спортшылар бұқаралық спортты насихаттауға үлес қосқан азаматтарды кәсіби мерекелерімен құттықтап, салауатты өмір салтын қалыптастырудағы өлшеусіз еңбектеріне толағай табыстар тіледі.

Жиында әкім мен хатшы Қазақстан Республикасының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін, ересектер арасында волейболдан (қыздар) IV Түркістан облысының Спартакиадасында ІІ орын алған Отырар ауданының құрама командасының спортшыларын марапаттап, бағалы сыйлықтар табыстады.

Одан бөлек спорт саласына еңбек сіңірген жаттықтырушылар мен бұқаралық спортты насихаттауға үлес қосқан азаматтар Түркістан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының алғыс хатымен, сондай-ақ, ауданда өткізілген барлық спорттық іс-шараларға қолдау білдіріп, спорт нысандарында әртүрлі жарыстардың өтуіне ықпал жасап, спорт бөлімімен қоян-қолтық жұмыс атқарып жүрген білім бөлімі мен коллледж, мектеп мұғалімдері аудан әкімінің алғыс хатымен марапатталды.

Шара барысында шағын футболдан «Көктем-Жаз 2022» Түркістан қаласы ашық біріншілігінің А лигасының жеңімпаздары «Отырар Шытты» командасының ойыншылары өздері жеңіп алған кубокты аудан әкімдігіне сыйға тартты.

Жиын соңы аудан өнерпаздарының концерттік бағдарламасына ұласып, аймаққа белгілі әншілердің әуезді әндері спорт сүйер жандарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

 

Previous Post

Шымкентте шетелдік жұмыс күшін тартуға 500-ге жуық квота бөлінді

Next Post

Биыл ҚР Конституциясына 27 жыл толады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі