13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкентте шетелдік жұмыс күшін тартуға 500-ге жуық квота бөлінді

18 августа, 2022
in Жаңалықтар
0
Шымкентте шетелдік жұмыс күшін тартуға 500-ге жуық квота бөлінді
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласына 2022 жылға жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін жұмысқа тартуға Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен 408 бірлік квота бөлінді. Бұл туралы Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының баспасөз қызметі мәлімдеді. Атап айтар болсақ, 1 санат – 11 адам, 2 санат – 44 адам, 3 санат – 331 адам, 4 санат – 22 адам бірлік квота бөлінді. Бүгінде бөлінген квота негізінде 21 кәсіпорындар мен ұйымдарда 215 (1 санат – 8 адам, 2 санат – 13 адам, 3 санат – 189 адам, 4 санат – 22 адам) шетел азаматтарының рұқсаты қолданыста, және 7902 Қазақстан Республикасының азаматтары жұмыс жасауда. Қазақстандықтардың үлесі 97,3 пайызды құрайды. Тартылып жатқан шетел жұмыс күшінің білікті мамандарының үлесі – 97,6 пайыз. Шетел жұмыс күшін тартуға рұқсат бергені үшін және ұзартқаны үшін жыл басынан бері 27,5 миллион теңге алым жергілікті бюджетке түсті. Айта кетейік, қаламызда жұмыс берушілердің өтінімдері негізінде 2022 жылға 41 шетел жұмыс күшін тартатын мекеме 914 шетел жұмыс күшіне сұраныс жасалып, сұраныс жасаған мекемеге келер жылы 501 квота қалыптастыру бойынша жұмыстар жүргізілді. ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 15 желтоқсандағы №802 қаулысына сәйкес жұмыс берушілер жыл сайын 1 қазанға дейін шетелдік жұмыскерлердің еңбек қызметін жүзеге асыру орны бойынша шетелдік жұмыс күшінің қажеттілігі жөніндегі өтінімдер ұсынады. Ұсынылған өтінімдердің негізінде шетелдік жұмыс күшіне квота қалыптастырылды. Шымкент қаласына биылғы жылға жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін жұмысқа тартуға 322 (1 санат — 9 адам, 2 санат — 32 адам, 3 санат — 270 адам, 4 санат — 11 адам) бірлік квота бөлінді. Бүгінде бөлінген квота негізінде 31 шетел жұмыс күшін тартқан кәсіпорындар мен ұйымдарда 237 шетел азаматтарының рұқсаты қолданыста, осы мекемелерде 12409 ҚР азаматтары жұмыс жасауда. Қазақстандық қамту бойынша 98,1 пайыз. Тартылып жатқан шетел жұмыс күшінің білікті мамандарының үлесі 96,2 пайыз. Шетел жұмыс күшін тартуға рұқсат бергені үшін және ұзартқаны үшін жыл басынан бері 81,9 млн теңге алым жергілікті бюджетке түсті.

Tags: 13kz13kz.kz13кзжұмыспен қамтуШымкент
Previous Post

Шымкентте «Әділдікті талап ет!» акциясы басталды

Next Post

ОТЫРАРДА СПОРТ САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІКТЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі