13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Мәдениет

ОТЫРАР: ШАРЫҚТАСЫН ШӘМШІНІҢ АСЫЛ ӘНІ

19 августа, 2022
in Мәдениет
0
ОТЫРАР: ШАРЫҚТАСЫН ШӘМШІНІҢ АСЫЛ ӘНІ
Share on FacebookShare on Twitter

15 — тамыз жерлесіміз, Қазақстанның халық әртісі, композитор, қазақ мәдениетіне еңбегі сіңген қайраткер, қазақ вальсінің королі Шәмші Қалдаяқовтың туған күні. Қырық жылдан астам уақыт ішінде сазгер 300-ге жуық музыкалық туынды жазды. Кеңестік жылдарда қазақ ұлттық музыка өнерінің ән жанрына жаңа леп алып келді. Композитор елге, жерге, Отанға, ата-анаға деген махаббатын әсем әуенмен жеткізе білді.

Бүгін даңқты жерлесіміздің 92 жылдық мерейтойы аясында композитордың атымен аталатын ауылдағы мәдениет үйінде Түркістан облысы мәдениет басқармасына қарасты Ш.Қалдаяқов атындағы облыстық филармония ұжымының «Шарықтасын Шәмшінің асыл әні» атты концерті өтті. Ән падишасы Ш.Қалдаяқовтың әндерін насихаттау мақсатындағы кештің шымылдығы Сабырхан Асановтың сөзіне жазылған Ш.Қалдаяқовтың «Отырардағы той» әнімен ашылды.

Концерт барысында филармония әншілерімен қатар, есімдері елімізге белігілі эстрада жұлдыздары, кеш қонақтары өнер көрсетті. Өнер кешіне облыстық мәдениет басқармасының басшысы Әзімхан Қойлыбаев, аудан әкімінің орынбасары Айдос Құлмаханов арнайы қатысып, жерлесіміз Шәмші Қалдаяқовтың халықтың жүрегінен орын алған әндерін шырқап, көпшілікке кеңінен насихаттап жүрген филармония ұжымына шынайы алғысын айтты.

Шәмші әндері келер ғасырға өзінің мәнімен, әсерімен жетіп, жыл өткен сайын жаңғырта берері сөзсіз. Халқымыздың рухани өмірі мен музыкалық мәдениетіндегі Шәмші Қалдаяқовтың алатын орны орасан екені — ешқандай дәлелдеуді қажет етпейтіні шындық. Бүгінгі облыстық филармония ұжымының да өткізіп жатқан өнер кеші Ш.Қалдаяқовтың балалық шағы өткен ауылда ұйымдастырылды.

Концертке келген көпшілік сағынышқа айналған әуезді әндерді тыңдап, ерекше сезімге толы көңіл-күймен тарқасты.

Previous Post

ОТЫРАР АУДАНЫНДА ОБЛЫСТЫҚ ЧЕМПИОНАТТЫҢ АШЫЛУЫ ӨТТІ

Next Post

ШЫМКЕНТ: АЛЬ-ФАРАБИЙСКИЙ РАЙОН ДО КОНЦА ГОДА БУДЕТ ОБЕСПЕЧЕН 100% ПИТЬЕВОЙ ВОДОЙ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі