13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Мәдениет

Қазығұрт: «Өнерге қанат қаққандар» іс-шарасы өтті

23 августа, 2022
in Мәдениет
0
Қазығұрт: «Өнерге қанат қаққандар» іс-шарасы өтті
Share on FacebookShare on Twitter

Қазығұрт аудандық мәдениет сарайында еліміздің мәдениеті мен би өнерін дамытуға үлес қосып, аудан, облыс көлемінде өткізілген іс-шараларға белсене қатысып, көптеген облыстық, республиклық байқаулардың жеңімпазы болған «Балауса» халықтық би ансамблінің және «Өнер» мектебінің эстрадалық әншілерінің «Өнерге қанат қаққандар» атты есептік концерті өтті. Мерекелік кеш халық биімен басталды. Көздің жауын алатын сәнді ұлттық нақыштағы костюмдер, әдемі би қимылы, әр элементке баса назар аударып, шеберлікпен орындау биді түрлендіріп, көрермендерін баурап алды. Бір-бірінен өткен әр би нөмірі кеш қонақтарының таңдайын қақтырып, ерекше әсер етті. Сонымен қатар, концерт барысында «Өнер» мектебіне қарасты Фарида Наурызбаеваның вокал класының шәкірттері Шалқар Шынар, Есімхан Жәңгірхан, Мұратұлы Асыл, Көлібай Нұрасыл, Ақберенқызы Інжу және Таубай Ақжібек кеште өз өнерлерін көрсетті.

Мәдениет саласын дамытуға, жас ұрпақты би және ән өнеріне тәрбиелеудегі еңбегі үшін «Балауса» халықтық би ансамблінің жетекшісі Уразова Гүлнара Әріпқызы мен Наурызбаева Фарида Айдарбекқызына аудан әкімі мен облыстық мәдениет және халық шығармашылығы орталығының Алғыс хаттары пен гүл шоқтары табысталды. Сонымен қатар аудандық әжелер алқасы, мектеп ұжымы, ата- аналар «Балауса» халықтық би ансамблі мен жас эстрада әншілеріне тамаша кешті ұйымдастырғаны үшін алғыстарын айтып, толағай табыс тіледі.

Концерттің соңында дәстүрлі гүл шоғын тапсыруға кезек берілді. Лық тола залды жинаған өнерпаздардың есептік концерті жақсы атмосферада, жоғары деңгейде өтті. Концертке жиналған қауым бишілердің шыңдалған шеберлігінің куәсі болды, ұлттық билер мен жалынды әуен-саз, әдемі өрнектелген ұлттық және заманауи костюмдер көпшіліктің көңілінен шықты. Көрермендер концерттен ен жақсы көңіл-күймен, оң эмоциямен қайтты.

 

 

Previous Post

ШЫМКЕНТ: ЖАСТАРДАН-ЖАСТАРҒА АҚПАРАТТЫҚ КЕРУЕНІ ӨТТІ

Next Post

В 195 КВАРТАЛ ШЫМКЕНТА ПОДАН ГАЗ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі