13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: ЖАСТАРДАН-ЖАСТАРҒА АҚПАРАТТЫҚ КЕРУЕНІ ӨТТІ

23 августа, 2022
in Жаңалықтар
0
ШЫМКЕНТ: ЖАСТАРДАН-ЖАСТАРҒА АҚПАРАТТЫҚ КЕРУЕНІ ӨТТІ
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкентте 30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституция күні қарсаңында «Жастардан-жастарға ақпараттық керуені» бос жұмыс орындары жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Іс-шараны ұйымдастырған Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының Жастар ресурстық орталығы мекемесі.

Жәрмеңке Еңбекші ауданына қарасты шалғайда орналасқан Тоғыс елді мекені Мұнайбарлаушылар ауласында өтті. Ақпарттық керуенге «Халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ-нің мамандары, «Отбасы банк» және «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің мобильді топтары қатысты. Жәрмеңкеде топ мүшелері жұмыссыз жүрген тұрғындар мен жас мамандарға жұмыспен қамту, тұрғын үй және кәсіпкерлік бойынша мемлекеттік бағдарламалар туралы кеңінен ақпарат берді.

Жастар ресурстық орталығының басшысы Мағжан Исахов шалғай елді мекендерінде ұйымдастырылып жатқан жобаның мақсаты – NEET санатындағы жастардың үлесін төмендету деп атап өтті.

– Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі төрт ауданға қарасты шалғайда орналасқан елді мекендердің бәрін қамтитын болады. Мемлекеттік бағдарламалар аудан тұрғындары мен жастар арасында кеңінен насихатталып, тізімге сәйкес бос жұмыс орындары ұсынылады. Жәрмеңкеде жастар өз түйіндемелерін ұсынып, жұмыс беруші мекемелермен өзара келісімшарт түзеді. Мамандығы бойынша жұмыс іздеп жүрген жастарға «Қоғамдық жұмыс», «Жастар практикасы» бағдарламалары арқылы жұмыс ұсыналады. Жоғары білімі жоқ жастар да жұмыспен қамтылады. Өзі қалаған курсқа қатысып, білім алып, қолына сертификат табысталады. Сертификат алған соң жас маман өз кәсібін аша алады,- деді М.Исахов.

Бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне келген Айжан Ералы Жастар практикасымен тұрақты жұмысқа орналасқанын айтып, ұйымдастырушыларға алғысын жеткізді.

– Тоғыста жәрмеңке өтетінін естіп, жұмыссыз жүрген құрбыларымды ертіп келдім. Оларға тұрақты жұмысқа орналасуына көмегімді тигізсем деймін. Мемлекеттік бағдарламалар жастардың болашағына зор септігін тигізіп, білікті маман болуына үлкен мүмкіндік береді, — деді Айжан Ералы.

Previous Post

ЭЛЕКТРИЧЕСТВОМ ОХВАЧЕНЫ ЖИТЕЛИ 276 КВАРТАЛА  ГОРОДА ШЫМКЕНТ

Next Post

Қазығұрт: "Өнерге қанат қаққандар" іс-шарасы өтті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі