2022 жылғы тамыз айының 25 күні Ш.Қалдаяқов атындағы Мәдениет сарайында Кентау қаласы адами әлеуетті дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен «Білімнің басты құндылықтары: отаншылдық, білімге құштарлық, еңбекқорлық» тақырыбындағы педагог қызметкерлерінің қалалық Тамыз кеңесі болып өтті.
Тамыз кеңесіне Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасының басшысы Дінислам Болатханұлы, Кентау қаласының әкімі Тасов Жандос Қалмырзаұлы, Кентау қаласы мәслихатының хатшысы Балабиев Талғат Рақымұлы және БАҚ – ның өкілдері, ардагер ұстаздар, кәсіподақ кеңесінің өкілі мектеп басшылары мен педагогтер қатысты.
Алғашқы сөзді Кентау қаласының әкімі Тасов Жандос Қалмырзаұлы және Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасының басшысы Дінислам Болатханұлы кеңеске қатысушыларды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, биылғы білім саласындағы атқарылған бірқатар жұмыстарға тоқталып өтті.
Кеңес модераторы Кентау қаласының адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы Баянғали Абдрахманұлы «Білімнің басты құндылықтары: отаншылдық, білімге құштарлық, еңбекқорлық» тақырыбында 2021-2022 оқу жылында білім саласында атқарылған жұмыстар және жаңа оқу жылындағы міндеттерге тоқталды.
«Білім алушылардың біліміндегі олқылықтардың орнын толтыру жолдары» тақырыбында Ш. Қанайұлы атындағы №2 жалпы орта мектеп басшысы ББ.Ибраева,
«Дарындылықтың қайнар көзі-мектеп» тақырыбында «Дарын» мектеп-интернатының директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Байболова, «Болашақ жастардың білімге деген құштарлығы» тақырыбында №10 жалпы орта мектептің қамқоршылық кеңестің төрағасы Ә.Алиакбарұлы баяндама жасады.
Дәстүрлі тамыз кеңесі ұстаздар қауымы үшін алар орны ерекше. Себебі кеңес барысында өткен оқу жылының қорытындысы сараланып, жаңа оқу жылының мақсат-міндеттері айқындалады. Іс-шара соңында өскелең ұрпақты оқыту мен тәрбиелеу ісінде қол жеткізген табыстары мен білім саласына сіңірген еңбектері үшін бірқатар педагогтар «Оқу-ағарту министрлігінің «Алғыс хаты», Кентау қаласы мәслихатының «Алғыс хаты» Кентау қаласы адами әлеуетті дамыту бөлімінің «Алғыс хатымен» марапатталды.