13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Мәдениет

ТҮЛКІБАСТАҒЫ КЕРШЕТАС АУЫЛЫНДА ЖАҢА МӘДЕНИЕТ ҮЙІ БОЙ КӨТЕРІП, МЕКТЕП ЖӨНДЕЛІП ЖАТЫР

26 августа, 2022
in Мәдениет
0
ТҮЛКІБАСТАҒЫ КЕРШЕТАС АУЫЛЫНДА ЖАҢА МӘДЕНИЕТ ҮЙІ БОЙ КӨТЕРІП, МЕКТЕП ЖӨНДЕЛІП ЖАТЫР
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысы, Түлкібас ауданындағы 5 мыңға жуық халқы бар Келтемашат ауылдық округіне 7 елдімекен қарайды. Соңғы жылдары аталған округте тұрғындар тарапынан жиі көтеріліп келген өзекті мәселенің бірі – ауылдық мәдениет үйінің болмауы. Аталған мәселе алдағы уақытта өз шешімін табады. Биыл округ орталығы Кершетас ауылынан 100 адамға шақталған мәдениет үйінің құрылысы бастау алды. Бүгінгі таңда мәдени нысан түсетін орынның жері тегістеліп, қазаншұқыры қазылуда. Нысан 2023 жылға өтпелі.

Осы және басқа да округ аумағындағы атқарылып жатқан жұмыстар барысын бақылау мақсатында аудан әкімі Нұрлан Байғұт жауапты мамандармен бірге аталған округте іссапармен болып, ауылдарды аралады. Бірінші кезекте мәдени нысанның құрылысында болған аудан басшысы жауапты мердігерге жұмысты мерзімінен кешіктірмеу мақсатында ескерту жасап, жауапты бөлімге қатаң қадағалауда ұстауды тапсырды.

Кершетастағы Қ.Жандарбеков мектебі күрделі жөндеуден өтіп жатыр. Мұнда 458 оқушы білім алады. Бүгінгі таңда әрлеу жұмыстары мен қатар, есік пен едендерін ауыстыру, жылу, желдету, кәріз жүйелерін ауыстыру-жаңарту жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар күрделі жөндеу барысында білім ордасының шеберханасы да толық жөндеуден өтіп, алды абаттандырылып, айналасына толық асфальт жабындысы төселеді. Мектептің ішкі әрлеу жұмыстары жаңа оқу жылына толық аяқталып, пайдалануға беріледі деп күтілуде. Ал, сыртқы жұмыстары қыркүйек айының орта тұсында аяқталмақ. Аудан басшысы нысанды жауапты мердігермен бірге толық аралап, анықталған кемшілік тұстарын ретке келтіруді тапсырды.

Ауданда КХ-71 облыстық маңызы бар жол да жөнделіп жатыр. Округтың арғы басынан аяғына дейінгі 26 шақырымды алып жатқан жолдың құрылыс жұмыстары 85 пайызға аяқталып отыр. Яғни, қазіргі таңда екі қабат болып төселу керек асфальт жабындысының бірінші қабаты толығымен аяқталып, екінші қабатының 11 шақырымы төселіп қойған. Бұдан бөлек елді мекендер аумағындағы 6,4 шақырымына аяқ жол салынған. Аталған мәселе де округ тұрғындары тарапынан көтеріліп келген өзекті мәселенің бірі болатын. Облыс әкімімен кездесуде көтерілген мәселелер бүгінде өз шешімін тауып жатыр.

 

Previous Post

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КӘСІПКЕРЛЕРДІҢ САНЫ 160 МЫҢҒА ЖЕТТІ

Next Post

КЕНТАУДА 1000 ОҚУШЫ МЕКТЕПКЕ ҚАЖЕТТІ ҚҰРАЛМЕН ҚАМТЫЛДЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі