13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ҚР ПАРЛАМЕНТІНІҢ СЕНАТ ДЕПУТАТТАРЫ ШАРУАЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ

18 августа, 2022
in Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН: ҚР ПАРЛАМЕНТІНІҢ СЕНАТ ДЕПУТАТТАРЫ ШАРУАЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ
Share on FacebookShare on Twitter

Қазақстан Республикасының Парламенті Сенатының депутаттары Ә.Бектаев және Ә.Құртаев Сайрам ауданында іс-сапарымен болды. Жергілікті тұрғындармен кездесіп, өзекті мәселелерін тыңдады. Олардың шешу жолдарын талқылады. Халықтың игілігі мен мемлекеттің дамуы үшін қолданысқа жаңадан енген заңдарға, сонымен қатар талқыланып, қаралып отырған заң жобаларына, қабылданған өзге де өзгерістерге тоқталып өтті.

Жиында бірқатар тұрғындар мен белсенділер тарапынан егінді суғаруға су науаларын салу, азық-түлік және ауыл шаруашылық өнімдері бағаларының негізсіз өсуін тоқтату, ауыз су жүйелерін қаржыландыру, интернет желісін жылдамдату секілді өзекті мәселелердің заң аясында зерделеп, шешімін табуға ықпал етулерін сұранды. Сенаторлар барлық сұрақтарды заң аясында қарап, бақылауға алынатынын айты.

Сенаторлар сапар барысында сондай — ақ диқандармен жүздесіп, жылына екі өнім өсіретін шаруа қожалығының жұмысымен танысты. 4 гектар жерге картоп еккен шаруа гектарына 25-30 тоннаға жуық өнімдерін жинап алған. Екінші айналымында қияр және қырыққабат көкөністерін өсіруде. Жалпы әр гектарынан 60-80 тонна шамасында өнім алады.

Айта кетейік, бұған дейін ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты Қайнар Абасов Сауран ауданы, Үшқайық ауылдық округі тұрғындарымен және Иассы ауылдық округінде ауданның шаруаларымен, кәсіпкерлерімен кездескен еді. « Мемлекет тарапынан субсидия бөлінбесе күзде қымбатшылық келу қауіпі бар. Түркістан облысының субсидия бойынша қарызы 15 млрд. теңгені құрап отыр. Президенттің жаңа тапсырмасы ауыл тұрғындарының табысын көбейтіп, инфляциямен күресу. Ол үшін біз шаруалар мен кәсіпкерлерлерге қолдау көрсету керекпіз. 3 жылға көктемгі дала жұмыстарына несие беретін болсақ, егін шаруашылығындағы көптеген мәселелер шешім табады. Шаруалар үшін жыл оны екі ай жанармаймен қамтылуы да маңызды.»,- деп, қазіргі таңда заңға өзгерістер енгізіліп жатқанын, шаруалар мен кәсіпкерлер көтерген мәселелерді назарға ала отырып, ұсыныс ретінде жеткізетінін айтқан болатын.

Previous Post

ТҮРКІСТАНДА 1000-НАН АСТАМ ОҚУШЫҒА КӨМЕК КӨРСЕТІЛЕДІ

Next Post

«Нәтиже» мемлекеттік қызметтерді алу және өтініш беру орталығы пилоттық жобасының жұмысы қарқынды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі