13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Спорт

ИСЛАМ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ ОЙЫНДАРЫНДА ЖҮЗУДЕН ТҮРКІСТАНДЫҚ СПОРТШЫ 4 МЕДАЛЬ ЕНШІЛЕДІ

18 августа, 2022
in Спорт
0
ИСЛАМ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ ОЙЫНДАРЫНДА ЖҮЗУДЕН ТҮРКІСТАНДЫҚ СПОРТШЫ 4 МЕДАЛЬ ЕНШІЛЕДІ
Share on FacebookShare on Twitter

Түркияның Конья қаласында V Ислам ынтымақтастығы ойындары тартысқа толы өтуде. Дүбірлі додада 56 елден 4 мыңнан астам спортшы бақ сынап жатыр. Қазақстан атынан спорттың 16 түрінен 125 спортшы барған болатын.

Жүзу спортынан Қазақстан құрамасының үздіктерінің бірі –түркістандық Аделаида Пчелинцева жарқын жетістігімен ел мерейін үстем етуде. Ол алдымен жекелей сында алтын медаль еншілесе, одан кейін 100 метрге брасс әдісімен жүзуде күміс жүлдеге ие болды. Жерлесіміз одан кейін командалық эстафеталық жүзуден бір күміс және қола жүлдені олжалады. Ол, 4х100 метрге еркін жүзуде қолаға қол жеткізсе, 4х100 метрге аралас эстафетада күміспен күптелді. Осылайша, талантты спортшы бесінші рет ұйымдастырылған Ислам ынтымақтастығы ойындарынан жалпы 4 медаль жеңіп алды.

Аделаида Пчелинцева — Жүзуден Қазақстан Республикасы Ұлттық құрама командасының мүшесі. 1999 жылы 29 қыркүйекте Павлодар қаласында дүниеге келген. Жүзуден Қазақстан Республикасының спорт шебері. Әр түрлі пәндер бойынша Қазақстан Республикасы чемпионаттарының чемпионы және жүлдегері, 2019 жылғы Қазан қаласында жүзуден Әлем Кубогының қатысушысы. 2019 жылы 50 метр қашықтықта жүзуден Қазақстан Республикасы Чемпионатының рекордсмені.

Ғаламат нәтиже көрсеткен спортшы Түркістан облысының су спорт түрлерінен олимпиада резервін дайындайтын мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің шәкірті.

Айта кетейік, Бұл Түркиядағы Қазақстандықтардың 13 «алтыны» және Ислам ынтымақтастығы ойындарының рекорды. Бұған дейін ауыр атлетикадан Қазақстанға «Алтынды» Арли Чонтей (55 келіге дейін) және Зульфия Чиншанло (59 келіге дейін), ал әйелдер күресінен Елена Шалыгина (65 келіге дейін) алып келген болатын.

Previous Post

«НӘТИЖЕ» ПИЛОТТЫҚ ЖОБАСЫНЫҢ АРАЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫСЫ

Next Post

ТҮРКІСТАН: «ПАРАСАТ» ПІКІРТАЛАС КЛУБТАРЫНДА ҚОҒАМДЫҚ МАҢЫЗЫ БАР МӘСЕЛЕЛЕР ШЕШІМІН ТАБУДА

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі