13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

«НӘТИЖЕ» ПИЛОТТЫҚ ЖОБАСЫНЫҢ АРАЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫСЫ

18 августа, 2022
in Жаңалықтар
0
«НӘТИЖЕ» ПИЛОТТЫҚ ЖОБАСЫНЫҢ АРАЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫСЫ
Share on FacebookShare on Twitter

Азаматтардың өтініштерімен жұмысты қайта іске қосуды, ҚР Президенті атап өткендей, басты назарға алатын «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру аясында 2022 жылдың мамыр айында еліміздің үш облысында пилоттық жоба – «Нәтиже» мемлекеттік қызметтерді алу және өтініш беру орталығы жұмысын бастады.

Жоба халыққа қызмет көрсету процесін әлдеқайда қолайлы әрі қолжетімді ету үшін әзірленді, осыған байланысты фронт кеңселер жұмысын бір терезе қағидаты бойынша іске қосу жөнінде шешім қабылданды.

Орталықтар қызметіне халық арасында сұраныс артып келеді. 16 мамырдан бастап бүгінгі күнге дейін үш облыс бойынша, атап айтқанда – Түркістан қаласында және Отырар ауданында, Павлодар, Қостанай және Рудный қалаларында фронт кеңсе қызметкерлері 6,5 мыңнан аса кеңес беріп, 2,5 мың мемлекеттік қызмет көрсетіп үлгерді, eOtinish ресми өтініштер қабылдау жүйесі арқылы мемлекеттік органдарға 1 мыңнан аса өтініш тіркелді. Азаматтардың фронт кеңселерге жүгінуіне басты себеп – жер қатынастары және ТКШ мәселелері.

Нәтиже орталықтары мына мекенжайларда орналасқан:

Түркістан қ., Ғ.Мүсірепов к-cі, 17-ғим., 1-қабат

Отырар ауданы, Шәуілдір ауылы, Жібек жолы к-cі 26

Нәтиже фронт кеңсесі – кез келген кабинетке ашық есік!

Естеріңізге сала кетейік, биыл мамыр айында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің бастамасымен Қостанай, Павлодар, Түркістан облыстарының әкімдіктерімен бірлескен «Нәтиже» мемлекеттік қызметтер алу және өтініш беру орталығының жобасы іске қосылған болатын. Жоба халыққа қызмет көрсету процесін аза­мат­тар үшін әлдеқайда қолайлы әрі қолжетімді ету үшін әзірленді және 2022 жылдың күзіне дейін үш өңірде сынақтан өткізілуде. Азаматтар тарапынан жоба ыңғайлы әрі қолжетімді сервис ретінде танылған жағдайда 2022 жылдың күзінде Қазақстан Республикасының барлық өңір­леріне ауқымды енгізу кезеңі қолға алынатын болады.

Previous Post

Шымкентте А.Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай жас ақындар айтысы өтті

Next Post

ИСЛАМ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ ОЙЫНДАРЫНДА ЖҮЗУДЕН ТҮРКІСТАНДЫҚ СПОРТШЫ 4 МЕДАЛЬ ЕНШІЛЕДІ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі