13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Мәдениет

ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КИЕЛІ ОРЫНДАРҒА ЗИЯРАТ ЕТПЕК

12 августа, 2022
in Мәдениет
0
ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КИЕЛІ ОРЫНДАРҒА ЗИЯРАТ ЕТПЕК
Share on FacebookShare on Twitter

Жетісай Ішкі Саясат Бөлімі мен аудандық «Ардагерлер кеңесі» қоғамдық ұйымының ұйымдастыруымен бір топ ардагерлер киелі Түркістан жеріне зияратқа аттанды. Ардагерлерді ауданнан Жетісай Ауданы әкімінің орынбасары Серик Примбеков шығарып салды.

Түркістан облысының тарихи-мәдени, табиғаты ерекше жерлерін таныстыру мақсатында орта ғасырлық кесенелерге ұйымдастырылған саяхатқа Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Талғат Қаржауов пен Жетісай Аудандық Мәслихатының депутаты Айбек Султанмурат демеушілік жасады. 2 күнге созылатын зияраттың алғашқы күнінде аудан ардагерлері Шардара ауданында орналасқан «Ұзын Ата» мавзолейінде болып, Арыстан баб кесенесін аралайтын болады.

Ұзын Ата кесенесі Шардара ауданына қарасты Ұзын Ата ауылынан 8 шақырым қашықтықта орналасқан.

Ежелгі аңыз-әңгімелерге сүйенсек, Зеңгі Атадан бата алған Ұзын Атаның шын мәнiндегi аты – Асан Ата деседi. Атақонысы – осы Ұзын Ата – Тайпақ екен. Әр сөзi дуалы Асан қария Ақсақ Темiрдiң бас кеңесшiлерiнiң бiрi болған деседі. Атақты Әмір Темірдің бұйрығымен XIV ғасырдың соңында толықтай күйдірілген кірпіштен тұрғызылған мавзолей орта ғасыр ескерткіштерінің арасындағы бүтіндей сақталып қалған санаулы ғимараттардың бірі.

Ал, Түркістан қойнауындағы Отырар өңiрiнде, сырлы да шерлi, бұл күндерде алыстан мұнартып, ескi дүние жәдiгерлiктерiнiң соңғы тұяғындай болып мен мұндалаған Арыстан баб кесенесі – көне Отырар жеріндегі сәулет өнерінің баға жетпес ескерткіші.

Түркістан халқының арасында айтылатын аңыз-әңгіме бойынша мұсылман дінін таратушы Қожа Ахмет Яссауидің ұстазы болған Арыстан баб кесенесі өз қабірінің басына салынған. Кесене дәлізхана, мешіт, құжырхана және азан шақыратын мұнара секілді жеке бөлмелерден құралған. Кесененің ең көне бөлігі – қабірхана. Қазір де оның едені басқа бөлмелермен салыстырғанда едәуір биік. Қабір үстіне алғашқы белгі XII ғасыр шамасында салынып, XIV ғасырда қайта жөнделген. Араға алты ғасыр салып, яғни, XX ғасырдың басында Арыстан баб кесенесі жергілікті халықтың қаражатымен күйдірілген кірпіштен ауданы 35х12 метр, биіктігі 12 метр етіп, бұрынғы Меккеге қараған есігі Түркістанға, Әзірет Сұлтан кесенесіне бағытталып, солтүстік жағы кесене, оңтүстік жағы мешіт есебінде қайта жөнделген. Дәліз-қақпа маңдайшасына мәрмәр тақта қаланып, бетіне һижра бойынша 1327 жыл, яғни, соңғы құрылыс жүрген уақыт деп көрсетілген.

Жетісайлық ардагерлер қазақтың маңдайалды 21 ханы мен 8 сұлтаны, 23 биі мен 59 батыры жерленген топырақта құрбандық шалып, етін осы өңірдегі аз қамтамасыз етілген, әлеуметтік қолдауды қажет ететін көпбалалы отбасыларға таратуға ниетті. Дүниеден өткендердің рухына құран бағыштап, елдің ынтымағы мен берекесін, қауіп-қатерден сақтауды тілемек. Науқастанған жандардың дертіне Алладан шипа сұрамақ.

Зияраттың екінші күнінде ардагерлер Арыстанбаб кесенесінде, тарихи Отырар қаласында, Гаухар ана және Қожа Ахмет Яссауи кесенелеріне зиярат жасап, «Керуен сарайы» туристік кешенін аралайтын болады.

Айта кетейік, алдағы күндері тағы бірқатар жетісайлық ардагерлер демеушілердің есебінен Елордаға, көршілес Өзбекстан республикасының Самарқанд, Хиуа, Бұқара қалаларына саяхаттайды деп жоспарланып отыр.

 

Previous Post

ОБЛЫС ӘКІМІ МАҚТААРАЛ ХАЛҚЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Next Post

ТҮРКІСТАН: 54 ТҮЛЕКТІҢ 52-СІ ГРАНТ ИЕГЕРІ АТАНДЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі