13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Қоғам

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АЗАМАТТАРҒА АРНАЛҒАН «ХАЛЫҚТЫҚ КЕҢСЕ» ЖҰМЫС ЖАСАП ТҰР

15 июня, 2020
in Қоғам
0
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АЗАМАТТАРҒА АРНАЛҒАН «ХАЛЫҚТЫҚ КЕҢСЕ» ЖҰМЫС ЖАСАП ТҰР
15
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан өңіріне жұмыс сапарымен келген Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің жанынан құрылған Республикалық «Адалдық алаңы» жобалық кеңсе жетекшісі Төлеген Байгулов Түркістан қалалық әкімдік жанынан ашылған «Халықтық кеңсе» жұмысымен және «Sitcen» жобасымен танысты. Шара барысында өңірлік кеңсенің жұмыс барысы мен алдағы жоспарының жүзеге асырылуын баяндаған аталмыш кеңсе жетекшісі Мадина Байғұт киелі мекеннің тұрғындары түрлі мәселелер мен өзге де қажетті сауалдары бойынша осы кеңсеге келіп, барлық сала бойынша қажетті қызмет түрлерін алатындығын жеткізді.

Сондай-ақ, тұрғындарды толғандырған мәселелердің жедел түрде шешімін табуы үшін қала әкімдігіне қарасты жер қатынастары, ауыл шаруашылық, ветеринария, білім, дене шынықтыру және спорт, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, тұрғын үй қатынастары, сәулет және қала құрылысы, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері мен жұмыспен қамту орталығында көрсетілетін жалпы 97 мемлекеттік қызметтің 63 түрі көрсетілетіндігін атап өтті.

Халықтық кеңсенің негізгі бағытымен жіті танысқан Төлеген Зейнешұлы кеңсе жұмысының әрі қарай өрлеуіне тілектестік білдіріп, киелі мекенде қызмет етудің өзі зор мәртебе екенін алға тартып, қызметтерін таза, адал және әділетті жасауға шақырды. Айта кетсек, Түркістан облысының барлық мектептеріне jumys.sitcen.kz порталы арқылы қатардағы қызметкерлер мен педагогтарды жұмысқа қабылдаудың автоматтандырылған жүйесі ендірілген. Аталған жүйе жалпы орта білім беру ұйымдары педагогтарын жұмысқа қабылдауды және мектеп директорларын конкурстық тағайындау барысын автоматтандырады.

Бұдан бөлек, өңірімізде мұндай кеңселердің алғашқысы Түлкібас ауданында ашылса, әрі қарай Келес, Отырар аудандарында және облыстық Полиция департаменті мен барлық қалалық/аудандық полиция бөлімдерінде ашылып, жаппай халық игілігіне берілген болатын.

Previous Post

ШЫҒЫС МОНШАСЫНЫҢ ЗАМАНАУИ ҮЛГІСІ

Next Post

МАҚТААРАЛДА АТ ӘБЗЕЛДЕРІН ЖАСАЙТЫН ШЕБЕР БАР

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі