13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Мәдениет

ТҮРКІСТАН: РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АҚЫНДАР АЙТЫСЫНДА 11-СЫНЫП ОҚУШЫСЫ ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ

12 августа, 2022
in Мәдениет
0
ТҮРКІСТАН: РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АҚЫНДАР АЙТЫСЫНДА 11-СЫНЫП ОҚУШЫСЫ ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ
Share on FacebookShare on Twitter

Жазба және айтыскер ақындар арасындағы «Күміс қалам» және «Күміс домбыра» байқаулары биыл екінші рет өтуде. Былтыр Шымкент қаласында өткен жыр сайысы биыл Төлеби ауданындағы керемет табиғат аясында ұйымдастырылды. Жыр мүшайрасына 16 ақын мен 16 айтыскер қатысты. Дарынды жастардың қабілетін елімізге белгілі ақын Бекарыс Шойбеков бастаған қазылар алқасы бағалады.  Бұдан бөлек, қазылар қатарына өнер мектебінің директоры Маржан Есжанова, «Алтын домбыра» жүлдесінің үш дүркін иегері Мұхтар Ниязов, Әл-Фараби атындағы кітапхананың директоры Анар Жаппарқұлова кірді.

Қазақтың бас ақыны Абай Құнанбайұлының туған күніне орай өткен жас ақындар арасындағы республикалық «Күміс домбыра» байқауында 11 сынып оқушысы отырарлық Даниял Болысбек бас жүлдеге ие болды. Жеңімпазға күміспен апталған домбыра табыс етілді.

Атап өтейік, бірінші орынды Алматы қаласынан келген Айым Асылбекқызы, екінші орын — Қызылордадан келген Нұрахмет Мансұров және Түркістан облысының саңлағы Аян Ниязбек ұтып алса, екі үшінші орынды шымкенттік жас ақындар Нұрғали Әнапия мен Жандос Мырзабеков қанжығаға байлады.

Естеріңізге сала кетейік, былтыр бастау алған бұл байқауға республиканың әр өңірінен 14 пен 29 жасқа дейінгі 30 айтыскер мен 30 жазба ақын қатысуға ниет білдірген. Іріктеу сынынан өткен 16 айтыскер және 20 жазба ақын байқаудың негізгі кезеңіне жіберілген болатын. 20 жазба ақынның арасынан іріктеліп, үздік шыққан ақтөбелік Ершат Қайболдин жеңімпаз атанды. Оған арнайы күмістен жасалған қалам мен бағалы сыйлық табысталды. Ал, ақтық сынға шыққан Айдана Қайсарбекқызына Есенғали Раушанов атындағы арнайы сыйлық берілді. Сонымен қатар, жартылай финалға өткен 4 ақынға Жәркен Бөдешұлы, Әбілда Аймақ, Жеңіс Баһадүр, Әділ Ботпанов атындағы арнайы сыйлықтар табысталды. Ал, қалған 14 ақын қаламақы мен бағалы сыйлықтармен марапатталған еді.

Previous Post

Шымкентте 214 балаға оқуға қажетті құрал-жабдықтар таратылды

Next Post

ТҮРКІСТАН: ОБЛЫС ӘКІМІ ЖЕТІСАЙЛЫҚТАРМЕН КЕЗДЕСТІ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі