13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкентте 214 балаға оқуға қажетті құрал-жабдықтар таратылды

11 августа, 2022
in Жаңалықтар
0
Шымкентте 214 балаға оқуға қажетті құрал-жабдықтар таратылды
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласындағы «DENSAULYQ» денсаулық сақтау ұйымдары жұмыскерлерінің жергілікті кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Сакен Қатбаевтың бастамасымен игі шара өтті. Шара аясында кәсіподақ басшылығының қолдауымен жаңа оқу жылында бірінші сыныпқа баратын балаларға мектепке қажетті құрал жабыдықтар толы сөмке таратылды. Игі бастама «Бірінші сыныпқа бірінші рет!» акциясы аясында өтті.

«DENSAULYQ» қоғамдық бірлестігі көп балалы, әлеуметтік жағдайы төмен отбасылар, материалдық қолдауға мұқтаж отбасылардың тізімін жасаған. Нәтижесінде бірінші сыныпқа баратын 214 баланың тізімі жасақталып, оларға оқуға қажетті жабдықтар таратылды. “Ел Президенті 2022 жылды – «Балалар жылы» деп жариялады. Мұндағы мақсат — өскелең ұрпақты қорғау мақсатында ең алдымен денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік қамсыздандыру саласында нақты іс-шаралар жасау.

Қасым — Жомарт Тоқаев өз сөзінде балалардың үйлесімді дамуы мен бақытты балалық шағы – біздің жалпы ұлттық міндетіміз. Бұл игі шара «Бірінші сыныпқа бірінші рет!» акциясы 2021 жылы бастау алып 204 оқушыға таратылып, қазіргі кезде тұрақты түрде ұйымдастырылып келеді”, — дейді «DENSAULYQ» денсаулық сақтау ұйымдары жұмыскерлерінің жергілікті кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Қатбаев Сакен. Мемлекет басшының балалар жылы деп жариялауының маңыздылығын қолдап, «DENSAULYQ» қоғамдық бірлестігі бұл акцияның жылда санын арттырып ұйымдастыруды жоспарлап отыр.

Айта кетейік, 2021 жылы 1-сыныпқа 26 569 бала (қазақ тілінде – 18 755, орыс тілінде – 4 125, өзбек тілінде – 2 125) қабылданды. Оның ішінде, мелекеттікке 22 484, жекеменшікке 4 085 бала қабылданған. 2022 жылы 1-сыныпқа 27 000 оқушы қабылдау жоспарланса, бүгінгі күнмен қабылданған оқушы саны – 18 912 яғни 70% құрап отыр.

Previous Post

Шымкент: Биыл кәріз жүйесімен қамту көрсеткіші 60 % - ға жетпек

Next Post

ТҮРКІСТАН: РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АҚЫНДАР АЙТЫСЫНДА 11-СЫНЫП ОҚУШЫСЫ ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі