13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ШЫМКЕНТ:БИЫЛ ТЕКЕСУ ЕЛДІМЕКЕНІ САПАЛЫ АУЫЗ СУМЕН ҚАМТЫЛАДЫ

23 августа, 2022
in Жаңалықтар
0
ШЫМКЕНТ:БИЫЛ ТЕКЕСУ ЕЛДІМЕКЕНІ САПАЛЫ АУЫЗ СУМЕН ҚАМТЫЛАДЫ
Share on FacebookShare on Twitter

Еңбекші ауданына қарасты Текесу елдімекені биыл сапалы ауыз сумен қамтылады.  Қазір құрылыс жұмыстарының 80 пайыздан астамы аяқталды.

Елдімекенде қамту жұмыстары биыл басталған. Ұзындығы 13,8 шақырымдық су құбырының бүгінде 12 шақырымы орнатылды. Жыл соңына дейін толығымен пайдалануға беріліп, 200 тұрғын үй сапалы ауыз сумен қамтылмақ.

Жыл қорытындысымен Құрсай, Асар-2, Текесу елдімекендері мен Нұртас су жинақтағыш ғимаратының құрылысы аяқталады. Нәтижесінде қала тұрғындарының сапалы ауыз сумен қамтылу көрсеткіші 99 пайызға жетеді.

Шымкент қаласының энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасы ұсынған мәлімет бойынша, қалада өткен жылы 14 нысанның құрылыс жұмыстары жүргізілген. 2021 жылдың қорытындысы бойынша,барлығы 10 елді мекенде құрылыс жұмыстары аяқталған. Нәтижесінде Тұран, Асар-2, Солтүстік саяжай, Ынтымақ-2, Батыс, Жаңатұрлан және Ақтас-2, Жаңаталап, Сәуле (276 орам) және Нұртас елді мекенінде ауыз су мәселесі түбегейлі шешілді. Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде қамтылу көрсеткіші 95,6%-дан, 98%-ға өскен. Сонымен қатар, 3 магистралды суаққының құрылысы аяқталып пайдалануға берілді. Аталған басқармалардың дерегінше, қазіргі таңда қаладағы 81 елді-мекеннің 78-і сапалы ауыз сумен толық қамтылған. Ал қалған Құрсай, Сайрам, Қайнарбұлақ тұрғын алабына ауыз су кестемен беріледі. 2022 жылы 4 нысанның құрылыс жұмыстары жүргізіледі. Нәтижесінде қамтылу көрсеткіші 98%-дан, 99%-ға өседі деп күтілуде. Сондай-ақ, Сайрам елді мекенін сапалы ауыз сумен қамту бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде, құрылыс жұмыстары 2023 жылы аяқталады. Ал, Асар 2-нің жаңақұрылысының сумен қамтылуы келер жылға өтпелі. Алдағы жылдың жоспары бойынша 3 магистралды суаққы салынып, қолданысқа берледі. Осы айтылған жұмыстар уақытында орындалар болса, 2023 жылы миллионды қаланың ауызсумен қамту көрсеткіші 100 пайызға жетпек.

Previous Post

ШЫМКЕНТ: ЕЩЕ 22 УЛИЦ В АКЖАЙЫКЕ ЗА АСФАЛЬТИРУЮТ

Next Post

ШЫМКЕНТ: ПРОХОДИТ СЕМИНАР-ТРЕНИНГ ДЛЯ ГИДОВ И ЭКСКУРСОВОДОВ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі