13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Экономика

ҚАЗАҚСТАН БОЙЫНША ЗӘЙТҮН ЕГУДІ АЛҒАШ БОЛЫП ЖЕТІСАЙЛЫҚТАР ҚОЛҒА АЛЫП ОТЫР

5 июня, 2020
in Экономика
0
ҚАЗАҚСТАН БОЙЫНША ЗӘЙТҮН ЕГУДІ АЛҒАШ БОЛЫП ЖЕТІСАЙЛЫҚТАР ҚОЛҒА АЛЫП ОТЫР
Share on FacebookShare on Twitter

Осыдан екі жыл бұрын қолға алынған зәйтүн шаруашылығы бүгінде жетісайлықтар арасында кеңінен насихатталуда. Өйткені, Алматы қаласы Ұлттық Аграрлық университеті ғалымдарының айтуынша үш жылда өнім бере бастайтын зәйтүн ағашының табысы да көл-көсір көрінеді. Гектарынан 58 – 62 млн теңгеге дейін табыс табуға болады дейді мамандар.

Ең алғаш 2017-жылы Өзбекстанның Қоқан ауданынан алып келінген зәйтүн көшеттері бүгінде Жетісай топырағына бейімдендірілген. Суыққа төзімділігі -10С°-тен -18С°-ке жеткізілген. Топырақтың құрамына қарай бір гектар алқапқа 190 – 300 түп зәйтүн көшеті отырғызылады. Өзбек елінен әр данасы 2600 теңгеден сатып алынған жаңа шаруашылықтың өнім көлемі де жылма-жыл артып отырады.
3 жылда өнім беріп бастайтын көшеттен алғашқы жылдары 2 келі көлемінде болса, 4 жылы 40 келі, 5-6 жылдары 80 келіге дейін таза өнім алуға болады екен.

«Зәйтүн Қазақстан бойынша алғаш осы Жетісай ауданында қолға алынып отыр. Себебі, бұл өңірдің табиғаты зәйтүн шаруашылығына өте қолайлы. Жазы ыстық, қысы қысқа. Алдағы уақытта біздің Алматы Ұлттық Аграрлық Университетінің ғалымдары аудан шаруаларымен біргелікте зәйтүнді күтіп-баптау ісінде әріптестік орнатамыз. Мұнан да басқа өнімді өткізу мәселесі бойынша да шағын өңдеу цехын салуды жоспарлап отырмыз»,-дейді Қазақ Ұлттық Аграрлық университетінің профессор-ғалымы Серік Кененбаев.
Осылайша Қазақстан бойынша зәйтүннен алғашқы өнімді жетісайлық шаруалар алуды жоспарлап отыр.

Бауыржан НАЙМАНОВ.

Previous Post

1150 ТҮЛЕК БАҚ СЫНАМАҚ

Next Post

ӨМІРЗАҚ ШӨКЕЕВ ТӨЛЕБИ АУДАНЫНДАҒЫ СЕЛ ШАЙҒАН ҮЙЛЕРДІҢ ҚҰРЫЛЫСЫН ТЕКСЕРДІ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі