13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Қоғам

КОНДИТЕРЛІКТІ КӘСІП ЕТКЕН ЖЕТІСАЙЛЫҚ ЖІГІТ

2 июня, 2020
in Қоғам
0
КОНДИТЕРЛІКТІ КӘСІП ЕТКЕН ЖЕТІСАЙЛЫҚ ЖІГІТ
Share on FacebookShare on Twitter

Бізің қоғамда «Торт пісіру, қамыр илеу, қазан-табаққа араласу тек әйелдердің ғана ісі» деген жаңсақ пікір қалыптасқан. Кондитерлік, аспаздық мамандықты кәсіп етсек айналамыздағылар мазақ ететіндей түсінік бар. Көпшілік арасында қалыптасқан осындай пікірді 30 жасар Жетісайлық кондитер жігіттің жеткен жетістіктері жоққа шығарарына сеніміміз мол.

Бүгінде Алматы қаласында өз кәсібін ашып, бірнеше адамды тұрақты жұмыспен қамтып отырған Нұрсұлтан Бекботаев Түркістан облысы, Жетісай ауданы, Ынтымақ ауылдық округіне қарасты «Ынтымақ» ауылында туылған. Отбасында бес перзенттің үшіншісі. Асықата кентіндегі «Асықата» жалпы орта мектебінде оқып білім алған жігіт 18 жасында арман қуып Алматы қаласына келген.

Алғашқыда тұрақты жұмыс таба алмаған соң ауылдас досымен бірге печенье пісіретін цехқа жұмысқа орналасады. Анасы үйбикесі, ал, әкесі қарапайым ғана диқаншылықпен айналысатын Нұрсұлтанның осы цехта жұмыс істеп жүріп кондитерлік өнерге деген қызығушылығы оянады. Бір жыл контидерлік цехта, бір жыл нан пісіру цехында жұмыс істеп, біраз тәжірибе жинақтаған соң өз ісін ашуды жоспарлайды. Жиған-терген қаржысына достарынан қарыз алып қосып, «Sultan_pastry» шағын кондитерлік цех ашады.

Қаймақ, ірімшік, сүт, шоколад сынды қоспалардың сапалысын ғана пайдаланатын цехта бүгінде торттың 30-ға тарта түрі мен мейрамхана, кафелердің тапсырыстары бойынша тәттілердің түр-түрі дайындалады. «Instagram» желісінде «@sultan_pastry» парақшасын ашып, той-думандар мен мерекелерге тапсырыстар қабылдайды. Интернет дүкендер арқылы тапсырыс берілетін торттардың келісі 4000 теңгеден басталады, тапсырыс берілген тәттілерді қала бойынша ақылы жеткізіп беру қызметі де қарастырылған.

«Алдағы 3-4 жылда кәсібімді кеңейтіп өзіміз өндіретін өнімді қазақстандық брендке айналдырсам, Шымкент қаласынан, сонан соң өзім туып-өскен Жетісай ауданынан кондитерлік цех ашсам деген ниетім бар. Бұған дейін, яғни, 2013-жылы Асықата кентінен кіші цех ашып көргенмін. Сол кездегі тәжірибемнің жоқтығынан болар бәлкім, жұмысымды ойдағыдай жүргізе алмаған болатынмын»,-деп күлген Нұрсұлтан алдағы жоспарларымен де бөлісті.

Тұтынушылардан «Карамельный», «Рафаэлло», «Вупи пай», «Молочная девушка», «Шоколадный», «Қызыл бархат», «Королевский» және «Медовый» сынды торттардың түріне жиі тапсырыс қабылдайтын кондитер жігіт айына екі рет сұраныс арқылы ақылы түрде мастер-класс өткізіп отырады.

Бауыржан НАЙМАНОВ.

yassy-tur.kz

Previous Post

ТАҚЫР ЖЕРДЕН БОЙ КӨТЕРГЕН УНИВЕРСИТЕТ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОҚУ ОРНЫНА АЙНАЛДЫ

Next Post

ТҮРКІСТАНДА 5 МЫҢНАН АСТАМ АДАМ ҚҰЛШЫЛЫҚ ЕТЕ АЛАТЫН СӘУЛЕТІ ЕРЕКШЕ МЕШІТ САЛЫНУДА

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі