13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Қоғам

ОТБАСЫЛЫҚ КӘСІБІН ӨРКЕНДЕТІП ОТЫР

15 июня, 2020
in Қоғам
0
ОТБАСЫЛЫҚ КӘСІБІН ӨРКЕНДЕТІП ОТЫР
9
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістандық Мухая Бектұрсын қала тұрғындары үшін тоңдырылған пельмен өнімін ұсынып отыр. Жас кәсіпкер отбасылық кәсібін  2 жыл бұрын қолға алған. Айтуынша, кәсіпкер болу тек табыс табу ғана емес халыққа пайдаңды тигізе білудің өзі үлкен жетістік.

«Күніне 5-6 келі түшпара өнімін сатамын. 3 келіден жоғары тапсырыс берушілер үшін жеткізілуі тегін. 1 күнде 8 келіге дейін түшпара әзірлеймін. Бала-шағамның несібесін табу ісіне екі анам, яғни енем мен туған анам көмектеседі. Жұбайым кез келген мекен-жайға жеткізіп береді. Тұтынушылардың ұсыныс-пікірлерін ескеріп, түшпарадан бөлек манты дайындап, саудалауға көштім. Ісім ақырындап ілгерілеп келеді», – дейді  Мухая Захрақызы.

Кәсіпкер «Атамакен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы ұйымдастырған «Бастау бизнес» жобасы бойынша 2 айлық курста  дәріс алып, қайтарымсыз 505  мың теңге қаржы грантына ие болады. Қолдағы қаражатқа 3 дана тоңдыруға арналған мұздатқыш камераларын сатып алған.

Тапсырысты, WhatsApp, Instagram мессенджерлері мен Olx арқылы  қабылдайды. Әлеуметтік желімен жұмыс жасау үшін арнайы мамандардың көмегімен ақылы курстарға да қатысқан-ды.

Бастаған ісін дамыту үшін шағын цех ашып, галубци жасауды қолға алуды жоспарлап отыр. Бұл әрине ел экономикасын дамыту бағытына аз ғана болсын үлес қосу жолындағы жас кәсіпкердің үлкен қадамы деуге болады.

Нұртас КЕҢЕСБЕКОВ.

Previous Post

ЖЕТІСАЙДА ТАҒЫ БІР ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

Next Post

ШЫҒЫС МОНШАСЫНЫҢ ЗАМАНАУИ ҮЛГІСІ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі