13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкентте 300-ден астам заңсыз салынған нысанға айыппұл салынды

12 августа, 2022
in Жаңалықтар
0
Шымкентте 300-ден астам заңсыз салынған нысанға айыппұл салынды
Share on FacebookShare on Twitter

Бұл туралы бүгін Ақпараттық-коммуникациялық орталығында Шымкент қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы басшысының м.у.а. Нұрбол Жүнсібековтің қатысуымен басқарма тарапынан жарты жылдықта атқарылған жұмыстар бойынша өткен брифингте мәлім болды.

– Қазіргі уақытта өзекті мәселенің бірі – қаладағы Заңсыз және заң талабын бұзып салынған құрылыс нысандары. 2022 жылдың 6 айында тиісті жоспарға сәйкес қаладағы құрылыс нысандарына мониторинг жүргізу нәтижесінде анықталған 300-ден астам нысанға рұқсатын алып, салу дерегі бойынша тексеріліп, Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылықтар кодексінің 802 бабына сәйкес айыппұл салынды.

Яғни, олар: орталықтағы ірі көшелер бойында орналасқан заң талаптарын өрескел бұзып, құрылыс нормаларын және заң талаптарын сақтамай салынған, салынып жатқан, «Сәулет жоспарлау тапсырмасы» құжаттамасыз, белгіленген тәртіппен сараптамадан өткізбей құрылыс жұмыстары жүргізіген нысандар, — деді спикер.

Баспасөз жиынында Нұрбол Әбдірахманұлы жер учаскелерін мемлекет мұқтажына қайтару мәселесіне де тоқталып өтті.

– Қаланың даму жоспарына сәйкес, шаhарымызда жолдар үлкен ғимараттар салынып жатыр. Қазіргі таңда 15 нысанды мемлекет мұқтажына алу жұмыстары жүргізілуде. Биыл өзім басқарып отырған басқарманың өндірісінде ҚР Жер кодексінің 84-бабы және ҚР «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңын басшылыққа ала отырып мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен 688 жер телімі мен 55 нысан мемлекетке қайтарылды. Осы ретте, 10 қаулы қала әкімдігімен қабылданды. Бұл мұқтаждыққа алудың барлығы бектілген бас жоспарға сәйкес қаланың дамуына қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз ету бойынша салынатын нысандарға ғана жүргізіледі, — деді Н.Жүнісбеков.

Previous Post

Шымкенттік мергендер стендтік атудан Азия чемпионатының 18 медалін жеңіп алды        

Next Post

Шымкент: Состоялась очередная сессия маслихата

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі