13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі тұрақты комиссия отырысы өтті

9 августа, 2022
in Жаңалықтар
0
Әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі тұрақты комиссия отырысы өтті
162
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Жетінші шақырылымдағы Шымкент қаласы мәслихатының кезекті жиырмасыншы сессияға ұсынылған мәселесі бойынша әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі тұрақты комиссия отырысы өтті. Тұрақты комиссияда Сұлтанова Төреайым Жолдыбайқызы төрағалық етіп, депутаттар күн тәртібіндегі үш мәселені талқыланды.

Олар:

  1. Шымкент қаласында білім берудің сапасын арттыру және жаңа оқу жылына дайындық барысы туралы;
  2. «Шымкент қаласының мүгедектер қатарындағы мүмкіндігі шектеулі балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеудің Қағидалары мен мөлшерін бекіту туралы» 2019 жылғы 16 шілдедегі № 52/442-6с Шымкент қаласы мәслихатының шешiмiне өзгерістер енгізу туралы;
  3. Республикалық ономастика комиссиясының қарауына Шымкент қаласының кейбір құрамдас бөліктеріне атау беру, қайта атау және транскрипциясын нақтылау туралы.

Жиынға білім басқармасының, жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшылары және мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы басшысының міндетін атқарушы қатысты.

Мәжіліске қатысушы басқарма басшылары өз салалары шеңберінде күн тәртібіне ұсынылған мәселелер бойынша атқарылған жұмыстары және жоспарлары бойынша баяндама жасады. Баяндамашылар қатарында білім басқармасының басшысы Жанат Тәжиева жаңа оқу жылына дайындығын пысықтады. Сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі балалардың оқу мәселесі бойынша қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Балмаржан Нарбекова заң талаптарына сәйкестендіру мақсатында жасаған жобасын баяндады. Сонымен қатар, қаламыздағы атауы жоқ көшелерге атау беру бойынша, мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы басшысының міндетін атқарушы Орынтаев Бауыржан өз баяндамасын жеткізді. Өз кезегінде депутаттар бір қатар сауалдар қойып, шешім жобалары бірлескен отырысқа ұсынылды.

Previous Post

Түркістан: АӘК алатын отбасылардың балалары мектеп формасымен қамтамасыз етіледі

Next Post

Биологиялық қауіпсіздік дегенміз не?

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі