13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан: АӘК алатын отбасылардың балалары мектеп формасымен қамтамасыз етіледі

9 августа, 2022
in Жаңалықтар
0
Түркістан: АӘК алатын отбасылардың балалары мектеп формасымен қамтамасыз етіледі
49
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Бұл туралы бүгін өткен брифингте Түркістан облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасының басшысы Дінислам Болатханұлы айтты.

– Облыста мемлекеттік АӘК алушы отбасылардың 6-18 жас аралығындағы балаларының саны 52660-ты құрайды. Өткен жылы ҚР Үкіметінің №64 қаулысына сәйкес, аталған санаттағы балаларға жергілікті бюджеттен білім қоры есебінен және республикалық бюджеттен кепілдендірілген әлеуметтік пакет арқылы қаржы қаралған. Ал биыл облыс басшысының тапсырмасына сәйкес, облыстық бюджеттен осы санаттағы 52 660 балаға материалдық қолдауға қаражат бөлінетін болды. Әр балаға мектеп формасына 35 275 теңге белгіленді, – деді басқарма басшысы.

Сонымен қатар баланы мектеп формасымен және мектеп құралдарымен қамтамасыз ету үшін 1,9 млрд. теңге қажеттілігі туындап отыр. Осы ретте аталған мәселені шешу үшін облыстық бюджеттен тиісті қаржы қарастырылуда.

Сондай-ақ ата-аналар тарапынан түскен шағым бойынша басқарма басшысы әр мектептің өзінің жеке формасы болмайтынын, министрлік тарапынан оқушы қара-көк түсті шалбар, костюм мен ақ көйлек кисе жеткілікті екенін жеткізді.

Бұдан бөлек, 1 тамыз-30 қыркүйек аралығында  «Мектепке жол» республикалық акциясы өтіп жатыр. Акция шеңберінде  халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан балаларды мектепке қажетті материалдық көмекпен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілуде.

Айта кетейік, «Мектепке жол» акциясына демеушілік көмек көрсетуді қалайтын кез келген адам Басқарманың +7(707)-684-71-00 байланыс телефонына хабарласа алады. Жалпы биыл облыс басшысының тапсырмасына сәйкес, облыстық бюджеттен осы санаттағы 52 660 балаға материалдық қолдауға қаражат бөлінетін болды. Осылайша АӘК алатын отбасылардың балалары мектеп формасымен қамтамасыз етіледі

Previous Post

«Ауыл аманаты»: Партиялықтар 116 ауылдық округті аралады

Next Post

Әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі тұрақты комиссия отырысы өтті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі